Сіздің жақтың диалект сөзі болып тұр ғой, (әдеби тілде шиша сөзі ол мағынада қолданылмайды), негізі айтып тұрғаныңыз шыны сөзі ғой
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:
ШИША 1 Кәрәсін шамның жалын тартатын, төменгi жағы, бүйiрлi шыны түтiкше. Шам құлап түстi, шишасы сынып қалды (Ж.Едiлбаев).
ШИША 2 Арақ, шарап, сусын, сұйық құятын шыны ыдыс; бөтелке, құты. Сөмкесiндегi екi шиша сүттен бiр-екi жұтты (Х.Есенберлин).
http://mtdi.kz/til-bilimi/sozdikter/tusindirme-sozdik/Түсіндірме-сөздік