Өте ашуланшақ, дөрекі адамды қалай өзгертуге болады?

0 дауыс
2.0k қаралым
Менің бір танысым бар. Оның бойынан бұрын мүлде дөрекілікті байқамайтынмын. Жүре жүре сондай мінез қалыптастырып алыпты. Көбінесе жігіттерге дөрекілік танытып жанына жолатпайды. Бірақ іштей өкінеді білемін. Неге олай жасайсың десем өзім де білмеймін, соларды көрсем өзімді игере алмай қаламын деп қысқа қайырады. Тез ашуланатын болды. Бір нарсе болса шарт ете қалады. Ренішті ұзақ сақтап сол ренжіген адамына мүлде сөйлемейді. Сөйлесем не жылап жіберемін не артық сөз айтып көңіліне тиіп кетемін ба деп қорқамын дейді. Бұрын адамдардың əр ісіне түсіністікпен қарап, біздің жасай алмағанымызды өзі жасай салушы еді. Ол адамдар əбден жалықтырды ма қазір шаршатып жібердіңдер деп көзіне жас алып сылтауларын тыңдамай, теріс бұрылып кете береді. Оны бұл мінезінен құтқарғым келеді. Ол неге мұншалықты өзгерді. Əлде басқа қалада оқып келген жақпады ма? Мінезі адам танымастай болды
Тұлға, Адам

1 жауап

0 дауыс
Оған жiгiт қажет н/е тұрмысқа шығуы керек.
Жігіттің бұл жерде қатысы не?
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы