+3 дауыс
3.9k көрілді
Қазіргі жастар ұялы телефонға қатты тәуелді болып қалды,әңгімелері де сол ұялы телефон болып кеткен.Оның себебі неде?

6 жауап

+1 дауыс
Өйткені телефонда əлеуметтік желіде отыру өте ыңғайлы. Қуаттап алсаң болды электронды əлем өз қолыңда.
Ал, кіріп алса не бопты, электронды әлем өз қолында болса не істейді екен,милары жоқ олардың
+2 дауыс
Ұялы телефоның болса...
0 дауыс
Бір смартфон телефонда бәрі бар камера,сағат,смс,сөйлесесің,ойынайсың,адрес қараисың гуглдан іздеисің керегіңді общем қу жагыңа не керек бәрі ғо
сол ақша бола ма? ал не сонда сондай смартфон ойлап шығара аласың ба? бәрін көрдің , білдің ну и што. бір нәтиже шығара алады ма содан? Құры бекерге шұқылай бергеннен басқа
+1 дауыс
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Жастардың барлығы ұялы телефонды бір ғана мақсатта пайдаланбайды. Бірі жаңалық қараса, бірі сұрағына жауап іздесе, бірі суретке түссе, бірі электронды кітап оқып не тыңдап, бірі ойын ойнап, бірі хат алмасу үшін, бірі бизнес үшін тағысын тағы пайдаланады. Бірі маркетингке алданып, бірі басқалардан қызғанып алады. Не себепті тәуелді? Меніңше уақыт өткізу, іш пысу. "Тамағы тоқтық, көйлегі көктік,
Аздырар адам баласын" демей ме. Бірақ барлық жастар бір себеппен тәуелді емес қой. Тек өздерін тежей білмейді. Мойындау керек, уатсапқа қосылғалы үлкендер де телефонға "тәуелді" боп қалды.
+1 дауыс
Жастарға мүлдем сотывый телефонның қажеті жоқ,сол телефоннан шығады бәленің бәрі.

Сотканы қолданса  іскер бизнесмендер,кәсіпкерлер,ұстаздар,жүргізушілер қолдансын,ол соларға керек!

Жастарға керегі не,отыр әне паркте тізіліп,бүкірейіп,тура бит іздеген шифанзелерге ұқсап,не единицалары жоқ. Ай солардың бәрін апарып жұмысқа салсаң ғой шіркін, кішкене болса да ата-анасына көмектері тиіп,нанның қалай келетінін түсінер еді,ең құрығанда. Құры бекерге бүкшиіп күндіз-түні соткамен ойын ойнай бергенше ішкен-жеген тамақтарын ақтасын, еңгезердей болып ұят емес па?.
Оппа, міне тура сөз!
0 дауыс
Өз басым телефон ұстамаймын.Бәрі маған рахат өмір сенде деп кейбіреулері қызығады.Соларға күлкім келеді.Оларға телефон ауру болып қалған, тастайын десе де тастай алмайды. Сотовыйсыз өмір керемет ешкім мазаңды алмайды, жұмысыңды тиянақты істеп жүресің, ішің пысса кітапқа үңілесің, ештеңеге уайымдамай, көзіңді ауыртып жүрмейсің. Жоғарыдағы Танатарик айтпақшы шимпанзеге ұқсап бүкіреймейсің де.Негізі ол көп жастарды ерте жетілдіріп жіберді осыған көп алаңдауға болады.
...