0 дауыс
520 көрілді
Манчестер Юнайтед туралы деректер керек еді

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

«Манчестер Юнайтед» футбол клубы (ағылш. Manchester United Football Club; ағылшынша айтылуы [ˈmæntʃɛstə ju:ˈnaɪtɪd]) — Үлкен Манчестерграфтығына (феодалдық иелік) кіретін Стретфорд қаласының ағылшын кәсiби футбол клубы. 1878 жылы алғаш құрылған кезінде атауы «Ньютон Хит (Ланкашир энд Йоркшир Рейлуэй)» болған, кейінірек 1902 жылы «Манчестер Юнайтед»-ке өзгерді. Әлемдегi ең әйгiлi футбол клубтарының қатарына кіреді.1992 жылғы ағылшын Премьер-лигасының негізін салған клубтардың бірі.

«Манчестер Юнайтед»-тің жергілікті стадионы — «Олд Траффорд» — 1910 жылы ашылған болатын. «Олд Траффорд» Англиядағы Уэмблиденкейiнгі ең iрi футбол стадионы болып табылады және бұл стадионға 76 мыңға тарта көрермен сыйады.

«Манчестер Юнайтед» жеңімпаздар лауазымының саны бойынша, ең табысты ағылшын клубтарының бірі болып табылады. 1986 жылдың 27 қарашасында команданы сэр Алекс Фергюсон қолға алуынан бастап, «Манчестер Юнайтед» 27 трофейлерді ұтып, соңғы 20 жылда - Англия футболының ең табысты клубы болып саналады. 2012/13 маусымында «Юнайтед» рекордтық 20-шы рет Англияның жоғарғы дивизионындағы чемпионатын жеңіп алды. 1968 жылы «Манчестер Юнайтед» «Бенфика» португалдық футбол клубын финалда ұтып (4:1), Еуропа чемпиондарының кубогын ұтқан бiрiншi ағылшын клубы болып табылады.1999 жылы «Манчестер Юнайтед» мюнхендік «Баварияны»финалда ұтып (2:1), Еуропа чемпиондарының кубогын екінші мәрте жеңіп алады. 2008 жылы «Манчестер Юнайтед» лондондық «Челсиді»финалда ұтып, Чемпиондар лигасын тағы бір мәрте ұтып алды. Сонымен қатар, «Манчестер Юнайтед», Арсеналмен бірге, Англия Кубогінің рекордсмен жеңімпазы болып табылады (11 мәрте жеңімпаз)..

«Манчестер Юнайтед» қазіргі кездегі әлемнің ең табысты футбол клубтарының үштігіне кiредi. 2012 жылдың сәуiрiнде Forbes журналыклубты $2, 235 миллиардқа бағалады (£1,43 миллиард)..

Команданың бас жаттықтырушысы, нидерландтық маман, Луи ван Галь тағайындалды. 2014 жылдың жаз маусымында, клубтан Неманья Видичтің кету себебімен, Уэйн Руни құрама капитаны болып алмастырылды.

Толық ақпарат осы жерде https://kk.wikipedia.org/wiki/Манчестер_Юнайтед

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 21.09.2014 Футбол сұрақ қойды
...