«Манче́стер Си́ти» (ағыл. Manchester City Football Club; ) – Манчестер қаласының ағылшын футбол клубы. Клуб ағылшын премьер лигасында өнер көрсетеді. 1880 жылы «Уэст Гортон Сент Маркс» (West Gorton Saint Marks) деген атпен құрылды. 1887 жылы атын «Ардуикке» ауыстырып, «Гайд Роуд» стадионына көшті. 1894 жылдан бастап клуб «Манчестер Сити» атымен ойнайды.
Өз тарихында клуб үш рет стадион ауыстырды: құрылғаннан бастап 1923 жылға дейін «Гард Роудте» ойнады, 1923 жылдан бастап 2003 жылға дейін – «Мейн Роуд» стадионында, ал қазіргі уақытта 2002 жылы салынған, 48000 ға жуық көрермен сыйдыра алатын «Этихад» стадионында ойнайды.
XX ғасырда «Манчестер Сити» екі рет Англия чемпионы болды (1936/1937 және 1967/1968), бірақ 1990 жылдары «Манчестер Сити» үш жыл ішінде үш рет астыңғы дивизиондарға түсіп, 1998/99 үшінші дивизионда бір сезон ойнады. 2002 жылы клуб жоғарғы дивизонға оралып, премьер лигада әлі күнге дейін өнер көрсетеді. 2008 жылы «Манчестер Ситиді» «Абу-Даби Юнайтед Групп» компаниясы иеленді, бұдан кейін клубқа көптеген инвестициялар ағымы келіп, жоғары төленетін ойншыларды трансфер кезінде алуға мүмкіндік пайда болды. 2011 жылы клуб Англия Кубогын ұтты. Және де 2010/11 сезонының қорытындысы бойынша, «Сити» бірден УЕФА чемпиондар Лигасының топтық турнирінде ойнау құқығына ие болып, 1973 жылдан бері бірінші рет Англия Суперкубогы үшін ойынға қатысты. Бірақ 2011 жылы 7 тамызда «Уэмбли» стадионында Англия чемпиондары «Манчестер Юнайтед» клубынан 2:3 есебімен ұтылып қалды.
2012 жылы 13 мамырда, соңғы турда «Куинз Парк Рейндержске» қарсы драмалық ойында қосымша төртінші минутта шешуші гол соғып, 3:2 есебімен ұтып, «Манчестер Сити» 44 жыл өткен соң Англия чемпионы атанды. «Горожандар» ("The Citizens"(клубтың лақап аттарының бірі)) өздерінің қас жауларын «Манчестер Юнайтедті» тек доп соғу және өткізу айырмасынан ғана асып түсті. 2012 жылы 12 тамызда Англия Суперкубогына таласта «Манчестер Сити» лондондық «Челси» клубынан 3:2 есебімен басым түсіп, соңғы 40 жылда бірінші рет осы жүлдені ұтты.
Тарихы
Бүгінгі күндері «Манчестер Сити» деп аталатын клубтың негізін қалаған әйел, 1855 дүниеге келді. Анна Коннел дін қызметшісінің қызы болған, Артур Коннеланың Харрогейтте. 1865 жылы оның әкесі англикандық қасиетті Марктың Шіркеуіне ректоры болып тағайындалды, Батыс Гортон – Манчестердің ең кедей райондарының бірі. 1879 жылы жұмыссыздардың көп болуы Коннеланы ақысыз асханамен, шіркеудің негізінде жергілікті кедейлерге арнайы ұйым ашуға итермеледі.