+1 дауыс
13.8k көрілді
Масадан қалай құтылуға болады?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Маса шақпасын десеңіз

Жаз мезгілінде ызыңдап маза бермей, шағып алатын маса жәндігінің қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе?!Маса шаққанда дене бөртіп қана қоймай, адам баласы әр түрлі тері және жұқпалы ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да масадан алдын ала сақтанған жөн.

Адам баласы сияқты масаға да жағымсыз иістер әсер етеді. Маса шүйгіншөп (валериан), қалампыр гүлі, темекі, базилик өсімдігінің иісіне төтеп бере алмайды. Үйіңізге маса кірмесін десеңіз, терезеңіздің алдына базилик не қалампыр жапырақтарын қойып қойыңыз. Ал маса шағып алмасын десеңіз қол-аяғыңызға азғантай ғана шүйгіншөп сұйықтығын жағып алыңыз.

Маса ашық түстерді, соның ішінде сары түсті жақтырмайды. Егер де таза ауада демалуды көздесеңіз, үстіңізге сары киім киіп алыңыз. Сонда сізді маса шақпайды әрі демалысыңыз сәтті өтеді. Ал қара, күлгін, көк түстер масаны өзіне тартып тұрады.

Маса жынысы мен жасына қарамастан көбіне аққұба адамдарды шағады екен. Сондай-ақ, маса ер азаматтарға қарағанда нәзік жандыларды көбірек, әсіресе, аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған әйелдерді жиі шағады.

 

Ағылшын биолог-ғалымдары масаның еті тірі, сабырсыз адамдарды көбірек шағатынын дәлелдеген. Себебі, әрдайым қимылдап, тағат таппайтын жандардың қан айналымы жақсы. Ал жүзі суық, тұйық жандарға маса аса көп жоламайды екен.

Маса жүрек, бауыр, бүйрек ауруларымен ауыратын жандарды көп шағады. Себебі, маса адам ағзасында зиянды холестериннің бар-жоғын сезеді. Ал дертке шалдыққандардың ағзасында зиянды холестерин жетіп артылады.

Маса терісі жұмсақ әрі тершіл жандарға жақын келеді. Терісі жұмсақ, қаны таза болғандықтан маса кішкентай балаларды көбірек шағады.

Есіңізде болсын!

Егер маса шағып алса, айран немесе сүтпен ысқылап қойыңыз;
Шаққан денедегі орындарды қасып, тырнауға болмайды;
Тырнап, қасып тастасаңыз, ас содасы қосылған сумен шайып жіберіңіз;
Йод, шүйгіншөп сұйықтығын жағып қойыңыз;
Егер да маса сізді табиғат аясында шағып алса, шаққан орынға бақбақ, жалбыз, түймедақ жапырақтарын басыңыз.
Үй өсімдіктерінің ішінде алоэ, қазтамақ (герань) жапырақтарын басыңыз.
Маса кішкентай сәбиді шақпас үшін бесігінің я төсегінің жанына лимон я сарымсақ қойып қойыңыз. Шаққан жағдайда, балаға жылы сүт я қайнаған су беріп, шаққан орындарды тұзды сумен шайып жіберіңіз.
Маса шаққаннан соң, өзіңізді жайсыз сезініп, денеңіз бөртіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Массагет сайтынан алынды. 

Маса өлтіретін иістер

 1.100 грамм валерьянка немесе камфора майын оттықпен буландырсаңыз, маса мен шыбындар маңайыңызға да жоламайтын көрінеді.
2. Мойыл немесе шетен жидегінің жапырақтарын ұсақтап турап, денеңізге жағып алыңыз.
3. Масалар қалампыр, насыбайгүл, бәден, эвкалипттен жасалған эфир майларынан да "қорқады".
4. Бадам ағашының бұтақтарын бөлмеге қойып қойсаңыз, тыныш ұйықтайсыз.
5. Табиғат аясына шыққан болсаңыз, аршаның бұтақтарын жағып қойыңыз.
6. Балқарағай майы масаларды ғана емес, шыбындар мен тарақандардан қорғайтын қабілетке ие.
7. Бетіңізді жусан тамырынан жасалған тұнбамен жусаңыз, бірде-бір жәндік сізді шақпайды.
8. Масадан қорғайтын электрлік зат - фумигатор таусылып қалса, дүкенге жүгіруге асықпаңыз. Бос ыдысқа эвкалипт сұйықтығын құйыңыз. Масалар сіздің үйге келетін жолды "ұмытып қалады".

baq.kz сайтынан алынды. 

0 дауыс
Білетінім маса шаққан жерге ыстық қасықты 1 минут тигізіп тұрсаңыз жазылып кетеді.
0 дауыс
Маса артурли ауруды тасымалдаушылардын бири.Мен маса шаккан жерди тырнагыммен катты басамын.Бирнеше минуттан кейин кызарганы басылады.Одан кейин томпайганыда басылады.Жане де маса ашык тустерди асиресе сары тусти унатпайды.Ал кара,кулгин тустер масаны озине тартып турады.Сол себепти табигат аясына шыкканда сары тусти киим киген дурыс.Егер де табигат аясында маса шакса,бакбак немесе жалбыз басу керек.
0 дауыс
Терезеге спиртті мақтаға құйып жағып шықса маса кірмейді екен
...