0 дауыс
573 көрілді
Құс тұмауы, шошқа тұмау , эбола сияқты жұқпалы дерттерден әлем аз зардап шеккен жоқ.  Естімеген елде көп дегендей, түйе тұмауы деген шығыпты енді.  Түйе тұмауы дегенде көз алдыма , шөл далада түйе мініп тізіліп бара жатқан арабтар елестеп кетті.  Тұмаудың бұл түрі қай жақтан шығып отыр өзі?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Аса қауіпті вирус. Араб елдерінде түйенің тыныс жолдарында болатын жұқпалы аурудан тараған. Қазір тек Таяу Шығыста ғана емес, Шығыс Азияға да тарап отыр. Әсіресе дамыды деген Оңтүстік Кореяның өзі төтеп бере алмауда. Бірнеше аптаның ішінде он шақты адамның өмірін жалмады. Бұған вирустың таралуына бейжай қараған дәрігерлер кінәлі саналып отыр екен. Өйткені MERS вирусын жұқтырған науқастарды қарапайым жалпылама палатада басқа науқастармен бірге жатқызған екен. Нәтижесінде бөлме ішіндегі ауада вирус одан сайын өрбіп ауруханадағы науқастардың бірталайы зардап шеккен. Науқастар "емделдік" деп ойлап өз ауылдарына қайтқанда, түйе тұмауымен қайта ауырған. Осылайша вирус бүкіл ел аумағына тараған.   Мүмкін, жоғарыда айтылғандай "тұтас қауымға бірден жұқпайтын шығар"... Бірақ Корея құсап бейжай қарап отырып, таралған кезде шара қолдану керек деп кешігуге де болмайтын сияқты... Сақтану жолдары әлі қарастырылмаған. Тек қарапайым халықтың қолынан келетінін қолын жиі жуып, қоғамдық орындарда маска тағып жүру екен.
+3 дауыс
Екінші аты "Тәж вирусы"

Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандарын «Тәж вирусы» деп аталған жаңа вирус алаңдатып отыр. Дәрігерлер осы вирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы өмірмен қоштасқанын ескертіп, адамдарға одан қорғану қажеттігін ескертеді.

ЖҰҚПАЛЫ ВИРУС

Осыдан 10 жыл бұрын Азия елдерін шарлап, 775 адамның ажалына себепші болған А-типті вирустың бір түрі өткен жылдың күзінде Араб түбегінде пайда болды. Женевада орналасқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары оны тұмау вирусы мен ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) тобына жатқызады.

– Бірақ олардан сәл өзгеше. А-типті пневмония сияқты жиі таралып, тұмау сияқты жалпыны бірдей қамтымағанымен, дәл қазір бұл вирус екеуінен де қауіпті болып тұр, - дейді халықаралық ұйымның індет жөніндегі сарапшысы Грегори Хартл.

Салыстырмалы түрде алғанда тәж вирусынан жапа шеккендер көп емес – Катар, Сауд Арабиясы, Иордания, Пәкістан, Ұлыбритания, Германия және Францияны қоса алғанда 34 оқиға тіркелген. Бірақ тұмау нышаны бар пневмонияның ауыр түрі сияқты байқалатын вирус сырқаттардың бүйрегі мен басқа іш құрылысын зақымдаған. А-типті вирусты жұқтырғандардың 10 пайызының өмірі қиылған еді, ал тәж вирусымен ауырғандардың жартысына жуығы, яғни 18 адам бақилық болған.

Бұл вирустың қайдан пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ. Жарғанат, ешкі немесе түйе сияқты хайуандардан тарады деген жорамал ғана бар. Бірақ денсаулық сақтау мамандары «тәж вирусы» да А-типті вирус тәрізді адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін айтады. Яғни бұл – індеттің тез тарауына ықпал етуі ықтимал. Франция ауруханасындағы ер адамның Дубайдан келген, «тәж вирусымен» сырқаттанған адаммен бір бөлмеде тұрған соң вирусты жұқтырғаны анықталғаннан кейін бұл күдік күшейе түсті. Дәрігерлер ауа-тамшы жолымен таралатын вирус науқастың қасына жолағандардың бәріне қауіп төндіреді деп ескертеді.

«ЕЛЕУЛІ МӘСЕЛЕ»

Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маманы жаңа вирустың бірден топ адамға жұқпайтынын айтады.

– Науқастың күтушісіне немесе оның қасында ұзақ уақыт болған адамға жұғу қаупі жоғары. Алайда, мысалы, егер көшеде келе жатқанда індетті жұқтырған біреу қарсы алдыңыздан өтсе, сіз де сырқаттанасыз деген сөз емес. Вирус тұтас қауымға бірден жұқпайды дегенде осыны айтамыз, - дейді Грегори Хартл.

Дегенмен SARS түріндегі жаңа вирус туралы естіген билік өкілдері «жүздеген немесе мыңдаған адамның өміріне қауіп төнеді» деп қорқады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәж вирусын «елеулі, қатерлі мәселе» деп атап, індеттің алдын алу үшін қолды жиі жуу, індет жұқтырған адамдардың қасында арнайы бетперде киіп жүру қажеттігі туралы нұсқаулық шығарды.
...