0 дауыс
489 көрілді
Ясир арафа күні деген қандай күн және мұсылман күнтізбесінде басқа қандай атаулы күндер бар?
Ясир Арафа емес Арафа күні шығар)))

1 жауап

+1 дауыс
Ясир Арафат, Мухаммад Әбд Ар-Рауф Әль Кудвах әль-Хусейни (4.8.1929 жылы, Иерусалим – 2004 жылы, сонда) – саяси қайраткер, Палестина автономиясыәкімшілігінің басшысы (1994 жылы), Палестинаны Азат ету ұйымы атқару комитетінің төрағасы (1969 жылдан).

Арафа күні (Зилхижжаның 9-шы күні). Қажылар арафа күні таң намазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафат тауына қарай бет алады. Түске дейін Арафатқа бару - сүннет. Арафатта түске дейін шатырларда ғибадат жасап, дем алады. Түстен кейін мүмкіншілікке қарай ғұсыл немесе дәрет алады. Бесін және намаздыгер намаздарын бесін уақытында бірге қосып, Намира мешітінде немесе шатырда оқиды. Намаздан кейін Арафа тауының «Жәбалул-рахма» деген жерінде немесе Арафа тауының кез келген жерінде уакфа (ғибадат мақсатымен арафат тауында тұру) жасайды. Кәрі кісілер уақфаны өздерінің орналасқан шатырларына жақынырақ жерде жасағандары абзал. Өйткені шатырлар бір-біріне қатты ұқсас және көп болғандықтан адасып кетулері әбден ықтимал. Күні бойы күн батқанға дейін тәлбия, тәкбір, таһлил, зікір айтып, дұға жасап, Аллаһ Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрап, жалбарыныш тілек тілейді. Қажылар күн батқаннан кейін ақшам намазын оқымастан Муздәлифәға қарай бет алады. Ақшам және құптан намаздарын құптан уақыты кіргеннен кейін Муздэлифэда бірге қосып оқиды (Муздәлифэ уақфасына қараңыз). Құрбан айтқақараған түн Муздәлифәда тәлбия, тәкбір, таһлил, зікір және истиғфар айтып, ғибадатпен және дем алып, тыныгумен өткізуді. Шайтанға тас лақтыруда қолдану үшін Муздәлифәдан 70 дана тас жинап алу абзал. Тасты басқа жерден жинауға да болады.

Ұқсас сұрақтар

...