0 дауыс
3.3k көрілді
Парашютті кім ойлап тапқан?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Парашют жасаудың идеясы мен оның ғылыми негізін 1495 жылы Леонардо да Винчи ұсынды. Бірінші рет 1617 жылы венециялық инженер-механик Ф.Веранцио биік мұнара төбесінен парашютпен түскен. 1783 жылы француз С.Ленорман аспанкезгіштер үшін қатты қаңқалы парашют жасап, сынақтан өткізді, оның отандасы Ж.Гарнерен 1797 жылы әуе шарынан қатты қаңқалы парашютпен түскен. 1911 жылы әлемде алғаш рет арқаға асатын құтқарушы парашютті орыс өнертапқышы Г.Е. Кательников жасаған. Парашюттердің қолданылуына байланысты адамдарға арналған, жүктік және арнайы түрлері болады. Адамдарға арналған парашюттер құтқарғыш, жаттығулық, спорттық және десанттық болып бөлінеді. Парашют күмбезінің пішіні әр түрлі (жазық дөңгелек, тік төртбұрыш, жарты шар, қиық конус, ротор) ауданы бірнеше м2 болады. Негізінен барлық парашюттердің құрылымдары бірдей. Парашюттің негізгі бөліктері: баулықтар байланған күмбез, тарту және ілу құрылғысы, аспалы жүйе, арқан орауыш. Парашют күмбезі орауышқа жиналады, ал аспалы жүйе парашютке киіледі немесе тасталатын жүкке бекітіледі.
+1 дауыс
Парашютти билмеймин бирак ауе шарын 1783 жылы алгаш ойлап тапкан Франциядагы агайынды Монгольфье.
+1 дауыс
Орыстың Котельников деген адамы
0 дауыс
Парашюты кім ойлап тапқан

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
3 жауап
...