+2 дауыс
14.0k көрілді
Христиан дініндегі адам өлгенде,  "иманды болсын" деу дұрыс па?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты: muftyat.kz

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтарда бір кісі қайтыс болса, естіген адам «иманды болсын» деп жатады. Бұлай айтудың да діни тұрғыда ешқандай күнәсі жоқ. Себебі, бұл да дұға мен тілектің бір түрі. Оның астарында: О дүниеде тарыдай иманы бар адам Алла жарылқап, тозақтан құтылуы мүмкін. Сондықтан, жүрегінде иманы бар болып шықсын, иманы жоқ болып қалмасын деген мән-мағына жатса керек.

Ендеше, әлдебір мұсылманның бақиға аттанғанын естіген адам «иманды болсын» деумен қатар, «иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиъун» дегені жақсы. Оның мағынасы: «Біз Алладан келдік және қайтып соған ораламыз». 

Абдусамат Қасым (islam.kz сайты)

Жоғарыда "жүрегінде иманы бар болып шықсын, иманы жоқ болып қалмасын" деген мағынада деп отыр ғой... Мұсылман болсын, христиан болсын, жалпы адамның келесі өмірде иманды болғанын тілеудің еш оғаштығы жоқ  сияқты. (Бұл жеке пікірім. Ешқандай діни негізі, дәлелі жоқ)

Қазақстан діни басқармасының сайтында сұрақ қойсаңыз е-мэйл арқылы жауап береді. Сол жерге жазып көріңіз.

 

+2 дауыс
Сауалыңызды http://fatua.kz осы сайтқа жолдап көрiңiз. Мүмкiн жауабын бiлiп қаларсыз.
Рахмет
Алла разы болсын!
+1 дауыс
Олай айтудың пайдасы жоқ...
...