+2 дауыс
1.9k көрілді
Болашақта бүкіл әлем бір тілде ғана сөйлеу мүмкін бе? Неге?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

 Меніңше бір тілде сөйлей қоймайды. Бірақ жалпы әлем халықтары жаһандануға орай өз тілімен қоса ағылшын тілін үйренуге біртіндеп міндетті санай бастауы мүмкін. Қытайдың қарқынды дамуына орай қытай тілін үйренуге деген сұраныс та артатын сияқты. (Өткенде төмендегі картаны сұрақ ретінде қойып едім. Осыған қарап та біраз нәрсені болжауға болтын сияқты.)

Бұл тілдер картасы а? Біз қайдамыз zhannara?
Соны айтам..) Біздің тіл неге жоқ?  Сол тілде сөйлейтін адамдардың санына қарай жасалған карта ғой. Өзіміз аз-ақпыз, өз тілінде толық сөйлемейтін қазақпыз(( Сондықтан болар тіліміз жеке көрсетілмей, орыс тілінің ішінде 4 млн-ға жуық қазақстандықтың мойнын қылтитып қарап тұрғаны...
+2 дауыс
Болашақта көп адам ортақ тілді үйреніп,сирек кездесетін тілдер қолданыстан шығуы мүмкін.Бірақ басқа  тілдер түбегейлі жойылып кетпейді.
+2 дауыс
Міне-міне жақындап қалды. Ағылшын тілін 4,5 миллиард халық нақты қолданып отыр,ал қосымша пайдаланатындармен қосқанда 6,5 миллиард адам.

Орыс тілін 140 миллион адам қолданады.

Қытай тілін 1,6 миллиард адам қолданады.

Қазақ тілін  10 миллион адам біледі,қолданатындары 3,5 миллион.

Осылайша қолданыстағы аз тіл уақыт өте бірте-бірте жарамс болып жоғалады.

Орыс тілінің өзі өшуге айналып барады, ресей жастары ағылшын тіліне ұмтылуда,Европалықтардың бәрі ағылшынша біледі шала болса да. Ағылшын тілі ортақ болатын сияқты заман ағысына байланысты.
Қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр дейсің ғо
+2 дауыс
Нарық заманы болғасын  Бизнеске ыңғайлы ағылшын тілі ортақ болып кетуі мүмкін!
+1 дауыс
Ия солай. Болашақта барлығымыз қазақша сөйлейтін боламыз.
...