0 дауыс
6.1k көрілді

Ертегі десе әдетте  әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! "Сұлу мен Құбыжық" ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятынын, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай  алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па? 

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине ұқсастық бар ертегілердегі ұшар кілем бүгінгі ұшаққа айналды, Аладиннын сиқырлы шырағы Секрет док.  фильмн де дүниені түсіндіруде ең оңай жолы ретінде көрсетілген тағыда көп айтаберсен, бірақ ертегілердің реалдықка айлануына көп уақыт керек деп ойлаймын,
ең жақсы жері ертегілерде үміт пенен оптимизм күштілігi  !!!
0 дауыс
Иә, өмір сүрген сайын, онан әрі қорқынышты бола түседі.
0 дауыс
Ертегі дегенің ол қиял ғажайып нәрсе
0 дауыс
жоқ ертігілерде әрқашан бақытты болып аяқталады ал адамның өмірінің соңының қалай аяқталарын бір ала біледі
...