+3 дауыс
3.6k көрілді
"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" дегенмен келісесіз бе? Бізде "тозық" дәстүрлер бар ма? Ата-бабамыздан жеткен дәстүрді ұрпаққа сол күйінде қаймағын бұзбай жеткізу міндетіміз бе, әлде дәстүрді де саралап, сүзгіден өткізу қажет пе? Қалай ойлайсыздар?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Шынында да ысырапқа апаратын, т.с.с артық нәрселер жасауға әкелетін жоралғылар бар. Оларды ұмытуымыз керек.
0 дауыс
"Дəстүрдің озығы бар,тозығы бар " деген сөз рас.Сонда да, қазақ мəдениетінде ,салтында артық  дəстүр жоқ деп ойлаймын.Қазағым - өте дана халық,сондықтан да бізде бəрі ДҰРЫС.
0 дауыс
Дəстүрдің озығы бар тозығы ба
0 дауыс
арихта «жаңа кезең» деп саналатын кезең болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстардың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің тұтастай түгел өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі кезеңдеріміз сондай құбылыстардың жақындағандарын сездіреді. Осыдан туындайтын ұлттық мемлекет идеясы ұлттың дәстүрі мен салт-санасына, әдет-ғұрпына келіп тіреледі. Кейбір азаматтарымыз жаһандану дәуірі басталды, ұлттық мемлекеттер тарих сахнасынан кетеді деп сәуегейлік айтады. Ал екінші ойшылдар керісінше кейінгі өзгерістер ұлттық мемлекеттің салт-санасының, дәстүрінің өшуі емес, өрлеуінің айқын көрінісі екенін дәлелдеп отыр. Ендеше адамзат қоғамында болып жатқан құбылыстарға байланысты біздің өз ұлттық болмысымызда, ұлттық санамызда қандай өзгерістер болуы ықтимал? Бұған жауап табу үшін өзіміздің өткен жолымызға, ұстанып келген салт-дәстүрімізге көз жүгіртпей болмайды.

Ұлттық сана дегеніміздің өзі де әр адамның жеке азаматтық санасы сияқты, әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына өзі мақсат қоя білуі деп түсінеміз. Осыған орай Қазақтың көрнекті қаламгері Әбіш Кекілбаев айтқандай, «дәстүр-әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар». Ендеше оның бойындағы қазір қол байлау болатындай қасиеттерді жағдайға ыңғайлап жетілдіріп, ал бұрын жасампаздығын жағдай болмағандықтан таныта алмай келген жақсы қасиеті мен тәрбиелік мәні бар дәстүрімізді қайтадан жаңғыртып, жарқыратып аша түсуді қолға алған жөн деген ойдамыз. Біздің ұлттық салт-дәстүрімізбен психологиямызда тәуір қасиеттермен қатар арылатын қасиеттеріміздің бар екенін білеміз. Олардың қауіпті де, қауіпсіз де жақтары болып келді. Қауіптенбейтін жері ошарылып отырып қалуға, тоқмейілсіп тоқырап қалуға жол берілмейтіндігі.Қауіп шақыратын жері кеңістіктегі тұрақсыздықтың рухани тұрақсыздыққа ұрынуы, елгезектіктің ұшқарлыққа ұласуы ықтимал екендігі. Біздің жаңа заманға кішіпейілдігіміз сондай: кейде өз қоғамымызда атымен жоқ шатақтарды өзіміз іздеп таба қойғышпыз. Мысалы, отызыншы жылдары таптық қатынастар әлі кеңінен етек жая қоймаған біздің әрқайын қауым тап жауларын құрту жолындағы күресте басқа жұрттың бәрінен озып кеттік. Өзіміздің тамырымызға өзіміз балта шаптық. Сол сияқты жаһанданамыз екен деп өзіміздің ең жоғарғы адамгершілігімізді асқақтатып келе жатқан, адам тәрбиесінде үлкен маңызы бар салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрыптарымызға да өзіміз шабуыл жасаудан сақтанған жөн.
...