Қаражат, Ақша | 4.5k қаралды
4.5k қаралды
ҰБТ-дан 63 бал жинадым. Менеджмент мамандығына түсе алам ба? Емтихан тапсыру құажет пе?

2 жауап

Талапкер назарына: "Менеджмент" мамандығы

«Менеджмент» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Менеджмент мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді.

Менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, өнер және тағы басқалар. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау саласындағы ілгерлі білім, психологиялық басқару аспектілері, компанияларды дамыту бойынша мәселелерді кешенді және кезекті шеше білу жемісті мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Атаулы термин оксфордттық сөздіктегі бүгінгі түсінік бойынша мынадай мағына береді:

- қызмет түрі, түрлі ұйымдардағы адамдарды басқару үрдісі,

- адам білімінің саласы, ерекше өнер, басқару дағдысы,

- басқару бойынша жұмысты орындайтын, сала, кәсіпорын, бөлімше менеджерлерінің жиынтығы (тобы), адамдардың белгілі бір категориясы.

Егер Сіз өз ісіңізді ашқыңыз келсе, я мемлекеттік немесе жеке фирмаларда, корпорацияларда, кәсіпорындарда өз мансабыңызды жасағыңыз келсе, онда міндетті түрде менеджмент мамандығын таңдауыңыз керек.

«Менеджмент» мамандығының түлегі экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесін алады. Бұл мамандық бойынша Сіз кез келген саланың компаниялары мен ұйымдарын басқару білімін меңгересіз. Өндірісті ұйымдастыру, маркетинг, қаржылық жоспарлау, басқарудың психологиялық аспектілері, компаниялардың дамуы бойынша мәселелерді кешенді және тізбекті түрде шеше алу қабілеті бұл мамандықтың түлектеріне сәтті мансап жасауға жәрдемдеседі.

Олардың фирмалардың, корпорациялардың және трансұлттық компаниялардың алуан түрлі бөлімдерінің (басқармаларының) менеджері лауазымын алуға және бөлімдердің (басқармалардың) бастығына дейін өсуге мүмкіндігі бар.

Экономист-менеджер – бұл шағын, орташа, ірі және венчурлық бизнес дамуының бизнес-жоспарларын білікті жасай алатын, олардың орындалуын ұйымдастыратын, ынталандыру және өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататын жүйесін құратын жалғыз ғана маман.

«Менеджмент» мамандығының түлектері дәстүрлі бизнеспен компанияның жобалық қызметін тиімді басқара алады.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бас экономист – жоспарлық-қаржылық бөлімінің (басқармасының) бастығы – компанияның нарықтағы сәттілігін қамтамасыз ететін тұлға болып саналады.

"Менеджмент" мамандығының түлегі алатын лауазымдар:

- Менеджер, алуан түрлі фирмалардың, ұйымдардың, компаниялардың, соның ішінде банктердің жоспарлық-қаржылық бөлімінің (басқармасының) бастығы;

 - Жоба менеджері, жобалау бөлімінің бастығы;

 - Кризис-менеджер;

 - Тәуекелдіктерді басқару бойынша менеджер және т.б.

- Ұйымдар және фирмалар, қызмет түрлері, меншік нысандары және қатысушылардың дәрежелеріне байланысты (отандық және шетелдік компаниялар):

- Қаржы және экономиканы басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);

- Мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар;

- Тауар рыноктары, өндірістік және тұтыну тауарлары;

- Жергілікті басқару органдары (аудан, қала, облыс әкімдіктері);

- Ұлттық және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б.

- Салааралық кешендер;

- Халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері;

Ешбір ұйым (банк немесе мемлекеттік мекеме болсын) менеджерлерсіз әрекет ете алмайды. Өйткені, фирма құрылған соң, бірден оны басқару қажеттілігі туындайды. Заманауи менеджерлер дәл осы жұмыс түрін атқарады. Менеджмент – негізгі және сұранысы мол мамандықтардың бірі.

Егер сізде көшбасшылық қасиеттер болса, егер сізді кез келген компанияда қызығушылықпен тыңдайтын болса, ал қиын жағдайларда сіз өздігіңізбен шешім қабылдай алсаңыз сізден жақсы басқарушы шығуы мүмкін. Ендеше, «Менеджмент» мамандығын таңдаңыз.
Таза балл 63 болса жеткілікті,менеджменттің түр-түрі бар.Жалпы менеджмент сөзінің мағынасы ағылшыншадан аударар болсақ басқару дегенді білдіреді.Яғни кәсіпорында адамдар тобын басқару.

Менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
118,316 сұрақ
305,113 жауап
153,297 пікір
67,451 қолданушы