+2 дауыс
1.3k көрілді
Бақилық болған танысымның  желідегі парақшасына кірсем достарының "Топырағың торқа болсын!" деген жазбалары қаптап тұр екен. "Виноваты звёзды" деген кітаптың кейіпкері біреудің парақшасына осындай мазмұндағы хат қалдырғанын оқығанда бізден өзгеше қоғам екен ғой деп ойлап едім. Сіз осыған қалай қарайсыз? Қайтыс болған адамның парақшасына әр түрлі жазбалар қалдырып, тірі кезіндегі естеліктерді жазып, кейде еске алып тұрған дұрыс па? Әлде оғаш па?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалпы көңіл айту сол адамның жақындарын сабырға шақыру, яғни қайғысына ортақ екендігін білдіру, сабырға келуіне кеңес беру деп жатады. Бұларды енді парақшасына жазу арқылы білдіргеннен осылай білдірген маңыздырақ шығар. Ал осылармен қатар парақшасына да жазу/жазбау әркімнің өз еркінде болар.
0 дауыс
Жұрт көзіңе көрсетіп қайғыру бұл күнә дейді!

http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/17239/
0 дауыс

Жақсы сұрақ,менде осы сұрақ толғандырады.Біз сені ұмытпаймыз деп парақшасына жариялаған адамдарды көргенмін.Әрине,қайғының жолы ауыр ғой,бірақ олай ету орынсыз деп ойлаймын.Егер суреттің қасында сол адамға арналған өлең жолдары(арнау) болса жөн болар ма еді

0 дауыс
дәл бүгін осындай жағдайды кезіктіріп едім) оғаштау болып көрінеді екенp,
0 дауыс
Діни тұрғыдан зияны жоқ. Бiрақ қайтыс болған адам кеттi. Оны езбелей берудiң қажетi жоқ шығар...
 P.S
 Осындай жағдай болмас үшiн парақшаны алып тастаңдар. Ертең олай бұлай болып кетсеңдер, гөрде тыныш жатасыңдар )) (Әзiл ғой әзiл)
орынсыз әзіл екен
...