Бақилық болған танысымның желідегі парақшасына кірсем достарының "Топырағың торқа болсын!" деген жазбалары қаптап тұр екен. "Виноваты звёзды" деген кітаптың кейіпкері біреудің парақшасына осындай мазмұндағы хат қалдырғанын оқығанда бізден өзгеше қоғам екен ғой деп ойлап едім. Сіз осыған қалай қарайсыз? Қайтыс болған адамның парақшасына әр түрлі жазбалар қалдырып, тірі кезіндегі естеліктерді жазып, кейде еске алып тұрған дұрыс па? Әлде оғаш па?