+1 дауыс
Қаладағы кептеліс аздай бұл несі? Қазір жазда көлік аз, күзде не болмақ? Шаш ал десе бас алады деген осы! Сөз жоқ!!!
12.06.2015 453 қаралым

1 жауап

+3 дауыс
Сол кептелістен құтылудың жолы ғой қайта!! Жүргізушілер жеке көлікке бір-екіден отырып алып, 20-30 адамы бар қоғамдық көліктерге жол бермейді емес пе? Жолаушы тасу үшін автобустардың жарысып шырғалаң шығаратыны тағы бар. Алдағы уақытта жол шетіне көлігін қаңтара салып, өзі тар жолды тарылтатындарға да шара қолданылмақ екен.  Дұрыс шешім деп ойлаймын. Мұндай жолақ бізде ғана емес, әлемнің ірі мегаполистерінің көбінде бар. Босқа дауырығып байбалам салудың қажеті жоқ!
12.06.2015

Ұқсас сұрақтар

127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,014Қолданушы