Алматы қаласындағы автобустарға арналған жолақ кептелістерге әкелмей ме?

+1 дауыс
432 қаралым
Қаладағы кептеліс аздай бұл несі? Қазір жазда көлік аз, күзде не болмақ? Шаш ал десе бас алады деген осы! Сөз жоқ!!!
• Санаты: Жалпы сұрақ | 432 қаралым

1 жауап

+3 дауыс
Сол кептелістен құтылудың жолы ғой қайта!! Жүргізушілер жеке көлікке бір-екіден отырып алып, 20-30 адамы бар қоғамдық көліктерге жол бермейді емес пе? Жолаушы тасу үшін автобустардың жарысып шырғалаң шығаратыны тағы бар. Алдағы уақытта жол шетіне көлігін қаңтара салып, өзі тар жолды тарылтатындарға да шара қолданылмақ екен.  Дұрыс шешім деп ойлаймын. Мұндай жолақ бізде ғана емес, әлемнің ірі мегаполистерінің көбінде бар. Босқа дауырығып байбалам салудың қажеті жоқ!

Ұқсас сұрақтар

127,940 сұрақ
322,828 жауап
153,169 пікір
72,941 қолданушы