0 дауыс
431 көрілді
Мемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады немесе қандай жағдайда маған бас тартуы мүмкін?

2 жауап

0 дауыс
Егер меншігіңізде сіздің атыңызда үй болса,немесе жер болса сізге тұрғын үй берілмейді
0 дауыс

Мемлекеттен тұрғын  үйді қалай алуға болады немесе қандай жағдайда маған бас тартуы мүмкін?

Өкінішке орай, сіздің бұл сұрағыңызға ешкім нақты жауап бермейді. 30 күнтізбелік күн ішінде сіз тұрғын үйді алуға кезекке қою туралы немесе бас тартудың негізді жауабы бар хабарлама аласыз. Хабарламада сіздің ағымдағы кезегіңіздің нөмірі көрсетілетін болады. Егер құжаттар онлайн берілсе – онда хабарлама сіздің жеке кабинетіңізге келеді, ал егер әкімдікте болса жеке өзіңіз ала аласыз немесе сізге почтамен жібереді.  

Тұрғын үйді онлайн алуға кезекті  бақылау өте қолайлы. Ол үшін ЭЦҚ алудың қажеттілігі жоқ және құжаттардың қандай түрде берілгені маңызды емес. ЖСН және сіз кезекте тұрған аймақты көрсету жеткілікті.

Кезек тәртібі өзгеруі мүмкін, оларға сәйкес тұрғын үй ұсынылатын азаматтардың үш тобы бар, (әр топ бойынша өз кезегі бар):

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылар;
  • халықтың әлеуметтік әлсіз топтары;
  • мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланатын лауазымды атқаратындар;
  • ҚР заңнамасымен белгіленген апатты тәртіптегі жалғыз тұрғын үйі бар азаматтарға.

Жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органнан жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығына Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары ие.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының 12-бабына сәйкес әкімдік жыл сайын тұрғын үй алуға кезектегілер тізімін жыл сайын жаңартады. Дәл осы себепті  сізге тұрғын үй қажеттілігі айғағын растау үшін жыл сайын мәліметтерді ұсыну өте маңызды.

Жыл сайын 1 сәуірден 1 желтоқсанға дейін құжаттарды тапсырғандағы өтініштен басқа құжаттардың дәл сол тізімін ұсыну қажет.

 

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/buy_sell_rent/article/receive_housing&lang=kk

Саламатсыз ба?Мен Мадина Дюсенбаева 20.11.90.мени мазалайтын баспана'мен 5 жасымда анам кайтыс болды.Нагашы атам мен ажем багып алды.осы жылы атамда кайтыс болды.енди озим баспаналы болгым келеди.кандай комек бар?ендиги бар умитим сиздерде!
...