0 дауыс
2.2k көрілді
Қойдың ататегі саналатын қорғауға алынған жануар туралы толық мәлімет берініздерші

1 жауап

0 дауыс


Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.
 Муфлон – жабайы қойлардың жалпылама аты. Муфлондар Жерорта теңізі аралдарында (Корсика, Сардиния, Кипр), Солтүстік Африка, Кіші және Орта Азияда, Кавказда таралған. Еуропаның кейбір елдерінде (Италия, Австрия, Германия, Ұлыбритания, т.б.) жерсіндірілген. Муфлондар негізінен 2 түрге ажыратылады: 1) Еуропа муфлоны (Ovіs musіmon), дене пішімі шағын, қошқарының шоқтығының биіктігі 65 – 85 см, дене тұрқы 113 – 144 см, күздегі салмағы 40 – 50 кг. Қошқарында иір мүйіз, кейде саулығының да кішілеу, жіңішке мүйізі болады. Бұлар Жерорта теңізі аймағында мекендейді; 2) Азия муфлоны (Ovіs orіentalіs) қошқарының дене тұрқы 132 – 147 см, шоқтығының биіктігі 82 – 98 см, салмағы 50 – 80 кг болады. Бұл жабайы қой Кіші Азияда, Иран, Ауғанстан, Пәкстан, Кавказда таралған. Қазақстанда Маңғыстау облысында Үстіртте мекендейді. Муфлондар таулы жерлерде тіршілік етеді. Жылдың жылы мезгілдерінде таудың биік жоталарында тіршілік етсе, салқын түсе тау етектеріне қарай түседі. Өсімдіктермен қоректенеді. 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Саулықтары қараша – желтоқсанда күйлейді, 5 айдан соң жалқы (кейде 2) қозы туады. Муфлондар қолға жақсы үйренеді. Үй қойларымен шағылыстырып, жаңа тұқым алуға болады. Қазір саны азаюына байланысты қорғауға алынған.
Ақпарат көзі http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%83%D1%84%D0%BB%D0%BE%D0%BD#
...