0 дауыс
20.4k көрілді
Қазақстан 2010 жылы төрағалық еткен халықаралық ұйым - осы тақырыпқа толық мәлімет берініздерші

3 жауап

0 дауыс

Еуропа ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы болар... 

Еліміздің аталмыш ұйымға төрағалық етуі жайлы толық мәлімет мұнда)

–1 дауыс

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.

ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.

Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 МадридтеЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.

Тарихы

20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.

ЕҚЫҰ және Қазақстан

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылы Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. АлматыдаЕуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер СтулҚазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады. 1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орталық Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Демократилық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас хатшысы Джонкарло Арагон, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери қауіпсіздік — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қызметіндегі маңызды сала. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 жылы жасалған. Оған Қазақстан 1992 жылы қосылды. Бұл КелісімАтлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықаралық заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан.

 

http://kk.wikipedia.org/wiki/Еуропадағы_қауіпсіздік_және_ынтымақтастық_ұйымы

0 дауыс
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы
...