0 дауыс
1.1k көрілді
Егер ҚР президенті болсаңыз не істер едіңіз? Өз халқыңыз үшін қандай жаңа заң шығарар едіңіз?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен шетел тіліндегі жарнамалар мен басқа да дүкен, сауда орталықтарының атының бəрін мағыналы қазақша етіп өзгертер едім. Қазақ тіліне көп көңіл бөлер едім. Керек болса қазақ тілін біліп, сөйлеп, сыйлап жүргендердің ғана білім алуға құқығы бар деп, білмей, сыламайтындарды ЖОО, мемлекеттік жұмыстарға жолатпас едім. Біраз уақыттан соң өзге елдің азаматтары емес қазақ қазақша сөйлесе қуанатын халге жететін сияқтымыз. Айналама ұлт жанашырлары мен адал еңбек етушілерді жинар едім. Дінге көңіл бөлуші едім. Егер бəріміз діннен хабарымыз болып, құдайдан қорықсақ жемқорлыққа да жол болмас еді. Қазіргі күнімізді емес, ахыреттегі күнімізді ойлап күнəлі істеп аулақ болар едік. Түрмеге түскендерді құр қаматпай жұмысқа артар едім. Істеген қылмысына қарай егер ең ауыр қылмыс болса ауыр жұмысқа жегіп деген сияқты. Адал еңбектің пайдасын біліп, адал тапқан нанның тəтті екенін біліп бостандыққа шыққан соң адал еңбекке ұмтылар еді. Шетелге шекарамызды ашпас едім. Бұл үлкен қателік! Қазақстанның шетелдегі қарыздарын төлеуге асығар едім. Қарыз бар жерде біз қарыз болған мемлекеттерге бағынышты боламыз. Бұрынғы ата бабамыз қойнымдағы əйелімді сұрасаң берейін бірақ жерімді сұрама деген. Сол сияқты Қазақстанның жерін бірнеше жылға арендаға бергенше шетелдіктерді аттатпас едім. Жалпы осындай армандар көп!
Қытай ғұламасы былай депті: Қазақтар алтын сандықтың үстінде отырып,алтын қазаннан алтын қасықпен тамақ жей алмай аш отыр.    Бұл не масқара, түсінген адамға !
 Жазираның пікіріне 150 пайыз қосыламын!
Қосылсаңыз жж басып кетіңіз.
Белгісіз
Мен бағанааааааа басып қойғам. егер шектеусіз болса 100 ЖЖ басар едім ғой.
Мына сұрағыңызға жж таңдалмаған ғой.
Белгісіз
Тағы басып көрген едім керісінше +2 боп қалды.қайта басып +3 орнына келді.
Сіз дауыс беруді басып отырсыз. Жж басу үшін птичкының үстін шертесіз.
Белгісіз
Бастым. Маған да птичкаға баса салшы.
0 дауыс
Барлығыңызға миллион теңгеден таратып берер едім)))
Қалжың әрине.Шын мәнісінде өзгертетін нәрсе көп
+1 дауыс
Жерге, руға бөлініп ел арасына ірткі салатын, қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіретін азаматтарға  айыппұл салу, түзеу жұмыстарына жіберу, бас бостандығын шектеу сияқты жазалар қарастыратын заң жобасын ұсынар едім)))
Ол жаңа өзгерістерге жатпайды ехе! Дәл қазір и так солай болып тұр ғой. шаш ал десе басқа бір жерін алып тастай салады
Солай ма?) Онда сіздің тірі жүргеніңіз үлкен олжа екен ғой)))
Әрине мен сияқты халықын сүйген,жағдайын  ойлайтын өз елінің , жерінің  патриотына  кәдімгідей олжаааааааа ғой)))
...