+1 дауыс
470 көрілді
Астанада өткен ресейлік МУЗ ТВ қандай деңгейде өтті?   Әйтеуір жақсы ау, деген әншілерге бір-бір итаяқ таратып бергендей болды ма,итаяққа таласқандай болды,оның астарында қандай саясат жатыр.

3 жауап

0 дауыс
Менің ойымша жоғары деңгейде өтті.Маған ұнады негізі ))
+1 дауыс
Тым болмаса өнерден саясат іздемей-ақ қояйықшы... Итаяқ дейсіз бе? Орденнің бәрі тиын, Нобель сыйлығы қазанның қақпағы, Оскар сыйлығы қайдағы біреудің қақиған мүсіні шығар онда? Мәселе формасында ма? Не өтсе де өте берсінші Қазақстанда... Әлемдік мақалаға атымыз шығып қалсын, ел танысын... Онда не тұр?! Тырнақ астынан кір іздемей, әуелі өнерімізді өркендетіп алайық..
Ендi “МУЗ-ТВ” арнасының жүлдесi жөнiнде. Музыкалық арнаның басшылығы лауреаттарына “тәрелке” табыстады. “Тәрелке” деп отыр­ғанымыз – iшiнде бiр түйiр “бiрдеңесi” бар шынымен де тәрелке. Ал ендi әлгi “бiрдеңесiнiң” не екенiн анық бiле алмадық. Белгiлi жазушы һәм сатирик Бейбiт Сарыбай Фейсбуктегi парақ­шасында осы “тәрелке” туралы бүй дептi: “...Бiз жақта бұны итаяқ дейдi. Айнала­йындар-оу, iшiнде ең болмаса бiр шала мүжiлген сүйек болсайшы!”.
“МУЗ-ТВ” арнасы тарат­қан “итаяқта” ең болмағанда бiр “сүйектiң” жоқтығы сияқты тiлде де сүйек болмайтыны рас екен. Бейбiттiң айт­қанына алып-қосарымыз жоқ. Бәлкiм, ұйымдастырушылар сүйегiне дейiн кемiрiп жеп қойған шығар?
Сонымен, “итаяқ” кiм­дерге тидi? Бiр “итаяқты” әншi Филипп Киркоров әкеттi сүйретiп. Ендi бiрi ресейлiк әншi Ани Лорактың жанына байланды. Дима Билан, Валерия, Нюша, Николай Басковтар “итаяққа” таласып көрiп едi, бiр-бiреу­ден тидi, әйтеуiр. Одан әрi Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас... Несiн айтасыз, сол күнi Ресейдiң бүкiл әртiсi Астанаға көшiп келiп, итаяққа таласып жатқандай көрiндi
 
Иiсi қазақтың сүйiктi тобы “МузАРТ” “МУЗ-ТВ” арнасының жүлдесiне бармайтынын алдын ала мәлiмдегенде разы бол­ғанбыз. Алтын жалатып қойса да, “итаяқтың” аты – итаяқ екенiн түсiнгенi үшiн. Бiрақ мұны кейбір шалақазақтар түсiнбе­генiне ерiксiз қайран қаласың.
Осы бір сендердің пір тұтып жүрген ресей әншілерін біздің елден басқа мемлекеттер есігі тұрмақ тесігінен де сығалатпайды екен. Көрші өзбек ағайындар оларды менсінбейді да.
Жалпы əңгімеңіз дұрыс.
Ресейдің бір әншісін тыңдап көрмеппін 2009дан бері! Ешкімді де пір тұтпаймын да... Жай ғана өткен музыкалық байқау, өнер кеші... Оның жүлдесін итаяқ деп, қатысушыларды итке теңеудің аса бір қажеттілігі бар деп ойламаймын))
Айтқаныңызға келісем, Өнер саясатқа араласпайды, саясат келіп өнерге араласып тұр ғой,  
бірақ бәрібір халық ондай конкурстарда жеңгенін емес, өз қалағанын, өз жүрегін тыңдайды ғой,  итаяқ дегені өте артықтау, ол жәй ғана символ, белгі емес пе
Мұнда қатысушыларды итке теңеп отырған жоқпыз, МУЗ ТВ -ның ұйымдастырушылары оларды солай теңеп жатқандай көрініп тұр, есі дұрыс адамдарға көрініп ақ тұр ғой .
Жарайды, сіздің-ақ есіңіз дұрыс болсыншы)))
0 дауыс
Мен сол Муз ТВге қарсымын. Еліміздің бір жағын су басып жатса, бір жағында ресейлік жұлдыздарға қазақтардың несібесін шашып, соған мəзбіз. Қашанғы осылай жүрер екенбіз. Мен тек ол туралы жаңалықтардан естідім. Өзім көрген жоқпын.
Арал теңізін айтшы кеуіп бітетін болды,ондағы жан-жануарлар не болды,олардың қабырғаны қайыстыратын қасіретін ойламайтын әншісымақтардан не күтуге болады.Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.Арал қасіреті бүкіл жер бетіндегі адамзаттың қасіреті екенін ешкім айтпайтын болды соңғы кезде. Бәрінің қуғаны ақша болып кетті.Нелеріне жетісіп жүр МУЗ ТВ
...