Әлеуметтік желіге қалай кірмеуге болады? Максимум дегенде 1 күн кіре алмай отыра алам. Қандай жолдар ұсынасыздар? Вконтакте сайтына кірмеу үшін Массагет сайтына мақалар жазуға, сұрақ жауап деген сайттарға кіріп уақытымды өткізуге тырыстым, бірақ нәтиже жоқ.
Бір жолата өзіңізді шектесеңіз керісінше кіргіңіз келіп тұрады. Өзіңізге уәде беріп көріңіз. Мысалы бүгін екі сағат қана кірсем балмұздақ алып жеймін деген сияқты. Ертеңінде 1 жарым сағатқа қысқартып көріңіз. Саты бойынша жүрмесеңіз, бірден өзгеріске ұшырау керісінше ауыртпалық әкелуі мүмкін. Жаңалықтар, өзіңіз қызығатын саладағы мақалалар, көркем-деректі фильмдер көрсеңіз, бастысы сізді ӘЖ-ден басқа жаққа әкете алатын пайдалы әрі ықпалды ақпарат көздерін тапсаңыз мақсатыңызға оңай жетуіңіз мүмкін. (Әлеуметтік желі дегенде жастықтың бір бөлігі сияқты, жасың келсе ол құрғыр да "ақырын-ақырын шегініп, алыстап кетеді" екен ғой))