Жаңалық ашқан ғалымдар мен бизнес саласында табысқа жеткен ірі кәсіпкерлер өз ісін бастағанда ешкім қолдау танытпаса да, жарының ештеңеге қарамастан соңына дейін өзіне сенгенін айтып жатады ғой. Ер адамдар әйелдің осындай риясыз сенімінен күш алып, үздіксіз алға ұмтылатын болса керек. Ал күнде күйеуін жұртпен салыстырып, не істесе де жақтырмай, ағайынынан ажыратып, құлағына тыныштық бермейтін әйелдер күйеуін жер қылуы да мүмкін... "Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады?" демекші, қай қыздың сені ер ететінін немесе жер ететінін үйленбей тұрып білу де қиын шығар иә?!))