+2 дауыс
485 көрілді

Сабырсыз болып кететін  кездеріңіз бола ма? Ондайда өзіңізді қалай басасыз?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сабырды жоғалтқан кезде өзіңді қолға алу қиын.Мүмкіндік болса оңаша қалуға тырысамын,әйтпесе сабырын жоғалтқан адам ашумен біреуді өкпелетіп алуы бек мүмкін ғой.Және сабырға келу үшін бетіңді мұздай сумен жуған сәл де болса сергітіп,өз өзіңе келуге көмек береді.

Ашуды басып сабырға келудің тағы бір жолы ұзын көше бойымен,еш нәрсе ойламай,құлағыңа наушник тағып алып, жағымды әуен тыңдап дегендей,көшеде адамдарға мән бермей,жүре беру.Яғни межелі жерге баруды көздемей,бағытсыз жаяу жүру.
0 дауыс
Әриге,меніңше әр адамда болады.
Бұрын өзімді басу үшін тырнағымды тістейтінмін)
Ал қазір олай емес.Ештеңе істемей өз-өзімді тоқтатуға тырысамын.Қалай болғанда да сабыр түбі-сары алтын.Бұл сөз маған көмектеспейді,тек бұл сөз рас.Сабыр сақтап көп нәрсеге жетуге болады.
Сабырсыз болғанда ештеңені ойламаймын.Жақсы көретін музыкамды тыңдаймын,наушникпен))Шашымның аяқ жағын қолмен жұлуға тырысатынмын.
+1 дауыс
Ашуланып,сабырсыз болып кетсем адамдардан оқшаулануға тырысамын.Себебі, біреуді ренжітіп алуым мүмкін.Көп ашуым көз жасыммен шығады...
0 дауыс
Мен де оңаша жер іздеймін. Ондай кезде тіпті өзімнен ұялам...
0 дауыс
Ия, кейде ашуға ерік беріп жатам. Бірақ көп қатты кетпеймін. Шынымды айтсам екі рет қатты ашуланғаным есімде. Бірақ көп жағдайда өзімді ұстап қалам.Егер ашуланатын жағдай болса (Сайтанның азғыруынан Аллаһқа сыйынамын) өзімді бір сөздермен басып қалам. Мен негізі өз ашуымнан өзім қорқам басқа жандар былай тұрсын.Сабырсыздық ол барлық істерге кедергі келтіреді. Сондықтан барынша өзімді ұстаймын.
...