+4 дауыс
Не себепті телефоннан сурет қойылмайды?Менің компьютерге кіре беретін уақытым жоқ,телефоннан(сотка)кіре саламын.Тек телефоннан сурет қойылмайды екен.Мен admin-ге ұсыныс жасадым.Ол кісі қарастырамыз деді.Біраз уақыт өткен соң қойылатын болды.Сосын тағы алынып тасталды.Сайттың жақында приложениесі шығады деген,сонда қойыла ма?
08.06.2015 441 қаралым

2 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Мен уақытша қарапайым мәтін өңдегішті қалдырған болатынмын. Бірақ сайтта аздап техникалық қателіктер байқалған соң алып тастаған болатынмын.

Алдағы уақытта ұялы телефонға арналған қосымша шығады, бірақ ол жерде сурет жүктейтін мүмкіншілік болады деп айта алмаймын.

Егер телефонмен қолданып, сұрақ қойып, жауап берерде сурет жүктегің келсе онда телефоныңа Opera Mobile браузерін жүктеп алсаң болады.

Онда Настройки бөлімінде User Agent деген бөлім бар. Соны таңдап ішінде Настольный компьютер деп таңдап баптауды сақтап қайта СЖ- сайтына кіресің. Кірген соң Сұрақ қояда, Жауап берерде компьютерде қосылатын мәтін өңдегіш қосылады.
08.06.2015
+4 дауыс
Мен vfl.ru арқылы қоямын. Компьютермен кіретін уақыт жоқ,  үнемі телефонмен отырған соң осы ыңғайлы.
08.06.2015
Қалай қоясыз сонла?
Сол сайтқа кіремін. Файлды таңдаймын. Жүктеймін. Болды сосын ссылкасын осында лақтырамын жауапқа.
Ол жерде сурет ұзақ сақталмайды...
Маған сақталғаны керек емес. Мында есепті жазу қиын,сурет болса болды ғой)
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,991Қолданушы