+1 дауыс
821 көрілді
Өміріміз бір мұң мен ,бір қуаныштан құралған.Алмакезек бұл өмірде не нəрсеге қатты өкінесіз?

10 жауап

0 дауыс
Мектепті Алтын Белгіге бітірмегеніме өкінемін)
0 дауыс
Бала кезімде спортпен айналыспағаныма өкінемін.Жалпы өкінетін,қап әттеген-ай дейтін тұстар бәрінде болады,кімге айтып өкпелейсің)))
0 дауыс
Армияға баралмағаныма, Өмiрде өз орнымды әлi таппай жүргенiме, Арманыма жетпегенiме...
0 дауыс
Мектептегі күндерімді тек оқумен, қоғамдық жұмыстармен, жарыстармен, апайлардың тапсырмасымен өткізгеніме....
0 дауыс
Мамандықты дұрыс таңдамағаныма өкінемін....... басқасы бәрі дұрыс)))
0 дауыс
Қатты өкіндім деп айтуға келмес бірақ сондай ойлар бар.Мысалы біраз жыл араласып көрші,жолдас болған жігіт жақында іс-сапармен Америкаға кетпекші жарты жылға.Жалақысы 6000 доллар.Соған қарап уақытында шет тілін меңгермегеніме,дұрыс мамандық таңдағаныма қынжыламын.Бірақ өткенге өкініп,былай еткенімде басқаша болатын еді деугеде болмайды.Алланың қалауы пешенеге жазғаны осы болар оғанда шүкір.Қиналсаң жағдайы сененде төмендер бар екенін есіңе алып тәубеге келген жақсы дейді
+1 дауыс
Бір өнерді бойыма сіңірмегеніме. Кішкентай кезімді өте тұйық болғанмын. Соның зардабын əлі тартып келе жатырмын. Соған өкінемін. Жалпы өмірге қайтадан келіп бəрін басынан бастағым келеді
+1 дауыс
Қалада оқымағаныма,алтын белгіге бітірмегеніме өкінемін!

Ия, өткенге өкінгеннен еш жақсылық таппайсың.Керісінше бұлай болмағанда қазір не істеп жүруші едім деп,Алланың жазғаныңа шүкіршілік еткен дұрыс.Болашақта басқа жағдайларда өкінбеу үшін тез шешім қабылдап,қателіктер жібермеу керек!
0 дауыс
Өкпеле, өкпелеме, пайдасы жоқ өткенге кеткен соң.
+1 дауыс
"Олай жасамау керек еді",- деп өкініп қалатын жайттар көп болып жатады. Соның ішінде бір  өкінгенім:  ағаммен сөзге келіп қалғанмын. Екі жылдың жүзі болды  көрмегеніме. Екі бөлек қалада тұрамыз. Тіпті хабарласқан да жоқпыз... Енді бір  көріскенде бетіне тура қалай қараймын...
Кішірейіп кешірім сұрауыңыз керек,туғаныңыз ғой)
Қалай түсіндірсем екен,ұрсысқан жоқпыз...Айында жылында бір көретін болған соң,бір барғанымда дұрыстап сөйлеспей қойғанмын,сол ғой...
мен көмекке келейін Билет бар ма ағанның қаласына?
Белгісіз
Ниетіңізге үлкен рахмет!!! Бірақ мен нақты қайда тұратынын да білмеймін.... (

Ұқсас сұрақтар

...