0 дауыс
635 көрілді
Атақты милионер, милардерлерді білесіздер ма? Өмірбаяндары, басынан өткен оқиғалары?

3 жауап

+1 дауыс

Билл Гейтс

Стив Джобс

0 дауыс

Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955}}, Сиэтл[4]), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) — АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері. 2008 жыл маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы лауазымында. Қайырымдылық Билл және Мелинда Гейтстер қоры төрағаларының бірі.

Билл Гейтс — Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет «Майкрософтпен» соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 75 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.http://kk.wikipedia.org/wiki/Билл_Гейтс

1. Гейтс жайлы жазылған кітаптың санында шек жоқ. Amazon.com сайтына Gates деп енгізсеңіз, оған байлынысты 137 мыңнан астам нәтиже тауып бере алады.

2. 13 жасқа енді толған Гейтс достарымен бірігіп, мектеп компьютерінің мәліметтеріне қол сұққан. Гейтсті жазалаудың орнына Сиетлдің компьютерлік орталығы балақайды жұмысқа алып, өз бағдарламаларын тексеруге тапсырма беріп отыратын.

3. Компьютерлерге деген құмарлығын байқаған вундеркиндтің ата-анасы Биллды электронды машинаға бір жыл бойы жолатпаған. Бір жыл бойы атақты бағдарламашы ұлы адамдардың өмірбаяндарымен танысқан. Тарихи тұлғалардың ойлау қабілеті мен логикасы Биллге қатты ұнайтын.

4. Билл Гейтс ресми түрде Гарвард оқу орнын тастағандардың ішіндегі ең бақытты адам болып танылды, дегенмен, араға бірнеше жыл салғаннан кейін, Билл сонда да Гарвардты бітіріп, салтанатты түрде дипломын алды.

5. Қазіргі компаниясының атауын Гейтс алғашқыда "Micro Soft" деп жазған.

6. Оның арғы атасы заң шығарушы органда жұмыс істеп, қала мэрі болған, атасы - мемлекеттік банк президенті қызметін атқарған, ал әкесі адвокат болған.

7. 1968 жылы Лэксайд колледжінде алғашқы компьютерлер пайда болғанда, Гейтс күні-түні сол маңайдан кетпейтін. Оның оқу үлгерімі күрт нашарлап кеткені де сол себептен шығар.

8. Гарвардтағы оқу Гейтсті тез шаршатқандықтан, ол бос уақытында покер не бағдарламалар жазумен айналысқан.

9. Гейтс өзінің профессорларына 30-ға толмай миллионер болам деп айтқан екен.

10. 31-ге толған Гейтс - миллиардер!

11. Жыл сайын Гейтс жеке меншіктегі тұрғын үйлер мен көліктеріне салық ретінде бір миллион доллар көлемінде қаражат төлейді.

12. Өзінің алғашқы бағдарламасын Билл Гейтс мектеп қабырғасында оқып жүргенде жазып, қолданысқа енгізді.

0 дауыс
Жас милионер Марат Абиев.
...