+1 дауыс
662 көрілді
Бұл өмірде балалықтан өткенде бірінші рет есіңізді жыйнағанда сізді қандай сұрақ ойландырды ?

Мысалы: Өзімді  Адам қалай пайда болады деген сұрақ қызықтырған,  әрине жауап табылды !!!

 Кәзірде бұл дүниеге не үшін келгенім жайлы сұрақтар мазалайды, әрине бұл сұрақтың жауабын табарыма сенемін  !!!!

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Аллаһ адамдарды барша тіршілікті жаратты, ал өзі қалай пайда болды?
0 дауыс
Неге осылай болып жатыр...
+1 дауыс
"Мен неге дәл осы отбасында, дәл осы елде, дәл осы қалада, дәл осы адамдардың ортасында өмір сүріп жатырмын? Неге дәл осы кезеңде дүниеге келдім? Сонда менің миссиям не?" деген сұрақтар болса керек....
Сенiң миссияң жауап беру, сұрақтарды өңдеп, ескертпе беру )
0 дауыс
Ойландыратын сұрақ! Мен өзіме ақыл тоқтатқалы "мынау неткен өмір" деген сұрақты қойған болуым керек. Нақтысын білмеймін.
+1 дауыс
баста мынадай сұрақ болған: неге жер дөңгелек болса, ондағы адамдар, сулар мен мұхиттар аспан кеңістігіне құлап кетпейді? бірақ уақыт өте келе, бұл сұрақтың жауабын физика кітабынан таптым. кәзірде мынадай сұрақ мазалайды: адмамдар жер бетінде жоқ болса, күнә мен жаманшылық та болмас  еді, АллаҺ неге адамдарды жаратты екен, адамдар өлгеннен кейін қайта сәби болып туыла ма екен? - деген сұрақтар
Ех,Аллах адамдарды күнә жасамайды деп үміттенді.Бұл жерде Ең алдымен шайтан тұрған.Олар дана ақылдылар болған.Тіпті періштелердің өзі олардың шәкірті болған.Кейіннен адамды жаратқанда Аллах періштелер мен шайтанға адамға сәжде етуін бұйырғанда шайтан келіспеген.Солай олар хақ жолынан айырылып,теріс жолға түсті.Сол үшін шайтандар адамды азғырамыз деді.Адамдар күнә жасамас еді.Тек шайтандар азғырғаннан кейін ғана күнә жасайды екен.Олар Аллахтың бұйырғанына келіскенде қазір жаманшылық болмас еді……………
0 дауыс
Адам қалай пайда болды?
-Адамды Аллах жаратқан.Адамды топырақтан және бір тамшы судан жаратқан деседі.Адам топырақтан жаралған және өлгенде топыраққа көміледі.
Аллах басында неден жаратсам болады дегенде,От,тау басқа да табиғат бөлшектері Аллахқа өзін-өзі мақтаумен болған.Мен биікпін,жақсымын деп.Содан Аллах топыраққа сен не дейсің деп сұрағанда,топырақ:
-Мен жаманмын,маған бәрі кір-қоқысты шашады,басады,менен жаратпай ақ қойсын,адамдар мендей болмасын дейді.Сонда Аллах адам топырақтай ақ-көңіл,мақтаншақ емес болсын деп топырақтан жаратқан.
Бұл дүниеге не үшін келдің?
-Бұның жауабы қарапайым,себебі Аллах қалады.Аллах адамды жаратты.Әрине,бәріміз білеміз,ең алғашқы адам Адам ата және Хауа ана болды.Олардың балалары Абыл мен Қабыл болды.
Мені қандай сұрақтар мазалайды?
-Неге біз шайтанның азғыруына жол беріп келеміз?Неге бұған тоқтау қоймаймыз?Уақытымыздың бәрін неге әлеуметтік желілермен өткіземіз?
Неге адамдар бөлектенеді?Не үшін ауру бар?Неге ауырамыз?Олар болмаса бақытты болар ма еді,бәрі?
Осы сұрақтар мазалайды))))
0 дауыс
Келе жатырдым да кенет тоқтай қалып:"Мен не үшін келе жатырмын" деген сұрақ қатты мазалағаны бар.
0 дауыс

Сабақты кім шығарды екен осы деген сияқты балалық қиялдан туған сұрақтар көп болды ғой,ал қазіргі кезде ойландыратын сұрақ дінге қатысты болып тұр

+1 дауыс
Неге өмір сүреміз? Егер бəрібір өлетін болсақ деген ой келіпті басыма...
0 дауыс
періштелердің қандай болатынын білгім келед
...