+1 дауыс
605 көрілді
Мектеп бітіргендегі + пен - тер

4 жауап

+1 дауыс
25  мамыр әр түлек үшін ерекше күн! менде қарбаластық таңғы 5 тен  басталды тұра салып шаштаразға барып 4 сағат отырып мектепке бардым . Май басталғаннан мектепті қимай жылап жүрген адам 25 күні  еш сезім жоқ болып қалды қуаныпта жүрдім себебі үлкен өмірге аяқ басатыныма қуандым . Бір жағынан қорқыныш та бар . ҰБТ ге аз қалған болатын . Содан не керек басталды 10 жыл бойы мен үшін жарты күнге созылатын соңғы қоңырау жарты сағатта бітіп кеткен сияқты болды . Соңғы қоңырау жабық деп жариялаймыз деген соң суретке түсу , тілек жазу басталды кішкентай қыздар жабысып алған мамам жүр сүйрелеп суретке тус деп сүйтіп  мектептен шықтық кластастармен қыдыру сельфи жасау басталды . Сағат 3-те қайттықта кешкі 5 те Гала-концерт деді эстрада жұлдыздары келіпті деді соған бардық бірақ кім келгені есімде қалмапты себебі класстастарыммен қуып жургем сельфи жасап концерт бітті артынан диско болды билеп - билеп журуге шама жоқ менен басқалары вечерға кетті мен 12-де  ұйқым келіп аяғым ауырып қайтып кеттім

Шыны керек 25 жылаудың қажеті жоқ екен керісінше қуану керек екен жаңа өмір , жаңа белестер ,жаңа таныстар мен үшін осылардың бәрі қызық көрінді мүмкін ауылдың адамы болғандықтан шығар
+1 дауыс
Ешқандай қимастық болған жоқ. Іштей қатты қуандым. Арқамнан бір ауыр жүк түскендей болды. Жаңа студенттік өмірдің басталуын асыға күттім.
+1 дауыс
Былай мұңайған кездерім болды, мектепті қимағандықтан ба, әлде ҰБТ дан қорқып па, сол жағын түсінбедім.
0 дауыс
Мектепті бітіргенде қимастық сезім болған жоқ,мектепті бітіргеніме,бұйырса үлкен өмірге қадам басқалы тұрғаныма қуандым.Ал қазір ше?Қазір мектепті қатты сағынамын,мектеп туралы әндер бұрын еш әсер қалдырмайтын,қазір керісінше))

Ұқсас сұрақтар

...