0 дауыс
2.8k көрілді

Әдетте тіршілік иелерінің ішінде адам ғана өмір сүруге қабілетті деп жатады. Сонда өмір сүруді тіршілік етуден нақты не арқылы ажыратып ала аламыз? Адамның да өмір сүре алмай, тек тіршілік етуі мүмкін бе?

 

Өмір сүру - адамдармен қарым-қатынас жасау, жақсылық жасау, отбасы құру, ұрпақ қалдыру, Құдайға құлшылық ету, демалу, жұмыс жасау, оқу, спортпем айналысу т.б. күнделікті жасайтын нәрселер. Ал тіршілік ету - өлмеу үшін нан табу..

Жануарлар да тіршілік ете алады, бірақ өмір сүре алмайды.

Бұл - менің жеке ойым. Ойым дұрыс емес болса айып етпеңіздер.
Неге жауап ретінде жазбадыңыз?) ЖЖ таңдар едім)
Жауапқа жаздым ғой) сосын оқып қуып кеткенімді түсініп, пікірге айналдырып жасыра салдым)
Мен де екі сөздің айырмашылығын дәл сіз сияқты ойлағам ғой) Онда мен де қуып кеткен шығармын))
мүмкін))

5 жауап

0 дауыс

Екеуі де бір мағына,адам өзіне жағдай жасай біледі ,сондықтан өмір сүруге қабілетті деп айтады.

+1 дауыс
Меніңше еркіндігінде, еркіндік дегенде әрқашанда өз таңдауы болатындығында
0 дауыс
Өмір сүру- бул тірі жанзаттың табиғый ұмтылысы, тіршілік ету де тірі қалыу үшін ұмтылу екеуі синоним сөздер !!!!
0 дауыс
Біз тіршілік ету арқылы өмір сүреміз. Яғни, жұмыс жасап, іс қылып тіршіліктің қамын күйттейміз. Сөйтемізде өміріміздің ағынын тура жолға салып отырамыз.
0 дауыс
Бəріңе қосыламын бірақ адам өмірдегі шын ғашығын кездестіргенсоң бұл сұрақтың жауабы медди айтқаннан да бір саты жоғары көтеріледі. Ол кезде Өмір сүру- махаббатты өмір, тіршілік ету-махаббатсыз мəнсіз өмір, яғни жай ғана спорт демалыс жұмыс істеу болып қалад
...