+1 дауыс
599 көрілді


Кей-кейде күннің ысып кеткенінен жүдеп кетеміз. Кейбіреулеріміз ыстыққа шыдамай кондиционер немесе вентилятордың астына жүгіреміз. Соны деп түрлі ауруларға кез боламыз. Оның алдын алу үшін қандай ыстықтан сақтану әдістерін қолдануға болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ыстық кезде ашық күн астында жүрмеуге тырысыңыз.Әсіресе басыңызды жауып тұрып тұратын бас киіміңіз болмаса.
Алкагольді өнімдермен кофені пайдаланбаңыз.
Көбірек сұйықтық ішіңіз.
Салқын(аса қатты да емес) сусындар ішкен жөн:минералды су,сұйық шәй,шырын,сүт қыщқылды өнімдер,квас секілді.Күніне кем дегенде 1,5 литр сұйықтық ішу керек,ал ауа температурасы +32 градустан жоғары болған кезде бұл көрсеткіш 3 литрді құрайды.Бірақ сұйықтықты пайдалану кезінде қан қысымы жоғары адамдарға абай болған абзал.Өйткені артық сұйықтық жүрек жұсысына салмақ түсіреді.
Бөлеме температурасын бірқалыпта ұстаңыз.Кондиционер,вентилятор пайдаланыңыз.Бірақ дәл жанында отырмаңыз.
Көлеңкеде болуға тырысыңыз
Аяқтарыңызды демалтыңыз.Душта алма кезек жылы сумен салқын сумен  аяқтарыңызды шайыңыз.
Күніне бірнеше рет салқын душ қабылдаңыз.
Басыңызға бас киім киіп жүріңіз.Үстіңізге киетін киімдер ашық түсті болуы қажет.
Жасайтын жұмыстарыңызды таңертеңгі,кешкі салқын уақыттарға бөліп алыңыз.
...