+3 дауыс
547 көрілді
Кеше Алматыда  «Мистер Казахстан-2015» конкурсының финалы өтті.Бас жүлдені 18 жасар Байрам Исмаилов алды.

Жеңімпазды атаған кезде Байрам көзіне жас алып жылап алған көрінеді.

Сұрайын дегенім осындай нәрсеге бола ер жігіт жылаушыма еді?
Ақбайдың шабармандары Құрманғазыны арбаға байлап жүргелі жатқанда шешесі Ақбаланы көріп,әлпештеп өсірген анасына əлі күнге дейін қайырымды іс істемегеніне, енді тағы міне айдалып бара жатқанын ойлап, көзіне жас келіпті. Сонда анасы мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық немені туған екем ғой. Кімнің алдында көзіңнің жасын төгіп тұрсың деп, жағына шапалақпен тартып жіберген екен.Осыдан кейін Құрманғызыдай тұлғаны тәрбиелеп өсірген Ақбала анамыз қазіргі сәнқой жігіттердің алдын мың орайтынын секілді

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ерлер де жылайды , бірақ тура осы жағдайда ,меніңше,ер адамға тән емес нәзіктік секілді.Конкурс үшін жылап,қыз баласы болса бірсәрі.Бұл дұниеде жылауға шын мәнінде лайық себептер жетіп артылады деп ойлаймын.
0 дауыс
Мүмкін аңсаған арманы болар?Арман жолында қаншама қиындық көріп енді ғана жетіп отырған шығар?Ерлердің жүрегі жоқ деп тұрсыз ба сол сөзіңізде?Осыған бола деп тұрсыз.
Бұл сурет ерлер бұлар жылаушы ме еді деген сұрағыңызға себепкер бола алмайды!
Ерлердің жүрегі жоқ демеймін.Жасырмаймын өзімде көзіме жас алған кез болды.Бірақ конкурсқа қатысуда сондай қиыншылық көріп,қиналатын дүние емес қой бір соншама.Біреудің арманын аяқ асты етпеймін әрине.Тек тым ұсақталып бара жатқан жоқпа жігіттер дегенім ғой сөзімнің төркіні
Қыз мінезді болар!
0 дауыс
Екінші суретінде күліп тұрған сияқты екен.
0 дауыс
Баке Бiрiншi фотода қуаныштан жылаган, екінші уақиғада қайғыдан жылаған, тек ғана қайғыдан жылауга болмайды жiгiтке.
Не болсада жағына шапалақпен тартып жіберген екен деген жері күшті шыққан рақаттанып күлдім !!!!
0 дауыс
Қуаныштан жылап тұр деп ойлайық бірақ оның не үшін жылап тұрғанын кім білсін.
0 дауыс

Ер болсын, әйел болсын жүрегі болса жылайды. Өзім ешқандай оғаштық көріп тұрған жоқпын. Ол бар болғаны эмоциясын көрсетті, қуаныштан көз жасын тыя алмай қалды. Бұл жерде ол еркек болғандықтан емес, адам болғандықтан жылады. Ер адамның иығына ауыр жүк артып қойған мына қоғам ер-азаматтардан тым көп нәрсе талап ететін сияқты... Тіпті қарапайым жылау құқығын да тартып алды... Мен қайта көзінен жас шықпайтын адамнан қорқар едім....

0 дауыс
Номері үшінші жігіт өзіміздің қазақтың бойшаң әдемі жігіті екен.соған беруі керек еді деп ойлаймын
0 дауыс
Қуанғаннан жылаған шығар,негізі ер жігіт өмірде 2-рет қана жылайды дейді ғой,Туылғанда және Анасы қайтыс болғанда.
+1 дауыс
Негізі жігіт деген жыламайды деген бекер. Себебі ол да адамның баласы. Сезімі, жан дүниесі солай жасауға адамды итермелейді. Бірақ көбіне оны білдіре бермейді.(жылағанын)
...