"Махаббат, қызық мол жылдарда" осыған ұқсас үзінді бар еді ғой... Ербол өзінің ауылдас достарын әңгіме ете келе, "Жас кезінде болашақ жарларын керемет перизаттай елестетіп, "Ақ бетінің қызылы ақ тауықтың қанындай" деп "Қыз Жібек" жырын оқығанда кейін осындай сұлу келіншегіміз болса деп армандайтын. Бәрінің көз алдындағы идеалды образдар мінсіз ару болатын. Бірақ қазір ауылға барып қарасам, алған әйелдері сол кезде армандаған аруларына мүлдем ұқсамайды. Енді байқасам сол кезде достарым "Өзіміз сондай қызға лайықпыз ба?" дегенді ойлап та көрмепті"... дегенге ұқсас мазмұнда айтқаны бар еді... Шынымен бәрінің қиялында бір образ өмір сүретін болар) Бірақ шынайы махаббатты жолықтырғанда ондай мінсіз образдың түкке тұрғысыз екенін түсінетін сияқтымыз....
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы