+1 дауыс
607 көрілді
Мен бiр жiгiтпен жүремiн, бiрақ ата-анам бiлмейдi. Егер бiлiп қойса не болады? Ата-анама айтқаным дұрыс па? Анама айтсам болады ма жiгiтiм бар екенi туралы.
нешедесің?
Қазір барып әкеңе айтып көр. Сосын не болатынын көресің.

10 жауап

0 дауыс
Біліп қойса шапалағыңды бередіғо әкең. Өйкені сен әлі жассың.
0 дауыс
Егер жігітпен жүретін жасқа жетсеңіз ештеңе етпеуі мүмкін. Анаңыз түсінетін адам болса, түсінетін болар. Кейбір мектеп оқушы қыздары жігітпен жүріп жүріп анасымен ақылдасып отырады не істеу керек екенін. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Керісінше ата-анасы ақылын басқаша айтуы керек. Мектеп жасындағы оқушылар тек сабағын ғана ойлау керек деп ойлаймын. Егер мектеп жасында болсаңыз, ақылға келіңіз, мектеп жасында болмасаңыз, дұрыстап ойланып, алдағы өміріңіз бен болашағыңыздың жарқын болатыны туралы ойлаңыз!
0 дауыс
Егер ата-анаң тәрбиеге қатал,қазақи отбасы болса мұны жөн көрмейді әрине,ұрсатын да шығар.Ал кей отбасылар да болады ғой,мысалы танитын балаларым да бар ата-анасы кіммен жүретінін білетін бірақ ештеңе демейтін.
0 дауыс
Өййй, қазір кім-кіммен жүрмейді дейсің, білсе "ааааа" дей салады ғо.
+1 дауыс
Қандай ата-ана қыз баланың мама менiң жiгiтiм бар деген сөзiн жақтырар дейсiң. Сөздерiңе қарағанда 6-7 сыныптың оқушысы сияқтысың. Сондықтан сабағыңды оқып еш нәрсеге алаңдама.
0 дауыс
Сабақ оқы қарындас)
10сынып оқушысымын жaсым 17дe.
Ендеше ата-анам бiлiп қойса не болады деген сұрағыңа жол болсын. Үндемей-ақ жүре берсеңшi.
Белгісіз
0 дауыс
10-сыныпта оқисың, жасында 17де екен. Мұндай сұрақ қоятындай кішкентай қыз емес екенсің, жалпы өз еркің өзіңде болуы керек. Ата-анаңнан жасырмай-ақ қой, білгендері жақсы. Бірақ, жігітпен жүргеніңе қарсы болса, жігітпен жүрме. Алдыңда талай, жігіттер кездеседі. Ата-анаң қарсы емес болса, жүре бер, ата-анаңа айтып көр, түсінетін шығар.
0 дауыс
Жай сурагамго кандай жауап келеди екен деп
0 дауыс

Ешкімге де айтпағаның дұрыс. Себебі, көбіне алғашқы махаббат ыстық болғанымен, арты баянсыз болады. Амандық болса, бар өмірің алда, әлі талай романдар болады 

0 дауыс
Екеуміз жасты екенбіз ғой автор. Сен бірінші ойланып ал, ата-анаң бұған қалай қарайды. Жалпы мен анама емес әкеме жақын болып өстім.Әкемнің қызы болып. Анам менен жігіт деген тақырыпта сұраған емес. Әкеме айтпаймын ғой енді)  жақын құрбыларыңмен сырласып, солармен ақылдас. Ата-анаға, басқаларға айта алмаған секреттеримди достарым биледи)
...