Бұның барлығы алдын ала ойластырылуы қажет, әрине.
Бұл сөз білдіру алғашқы және соңғы сезімін білдіру емес екенін түсінген жөн болар. Барлық жауапты қабылдап және оны мүмкін болса дипломатиялық жолмен талқылауға болады.
Сөз білдірген уақытта, адамның йә, жоқ, ойланамын деген жауаптары кейін өзгеруі мүмкін. Сөз білдірген уақытта жасандылық, понт, қысылып-қымтырылу, ісіну, қатаю сияқты түкке пайдасы жоқ артық қылықты тиып тастаған жөн, ертең жақындасқан уақытта сол понт пен қатаюдың еш қажеті жоқ болады, қарапайым адамгершілік пен жеке бастың шынайы нәтижесі маңызды деген ойдамын.