+2 дауыс
2.9k көрілді
Адам өмір бойы есеймеуі мүмкін бе? Сіз үшін есею деген не?
Ақылсыз адам ешқашан есеймейді

10 жауап

+1 дауыс

Мен үшін есею деген өмірге байсалдылықпен қарау, өміріңнің мәнін түсіну 

(мен өмір бойы бала болып өтетініме сенімдімін, келіп қалғасын жүрікқо енді)

жауап бергеніңізге рахмет. Ал сіз үйленгенсіз бе
Қыз таппай жүр )..
+4 дауыс
Мен үшін есею деген... өмірдің бала кезде оқыған ертегілерден басқа екенін түсіну; өзіңді өзгелерден көбірек ойлай бастау;жылаумен ештеңені шеше алмау; бала кездегідей адам біткеннің бәрі сені жақсы көрмейтінін түсіну; өтірік айтуды, күмәндануды үйрену; балалық шақты сағыну.... Айта берсем көп... Менің есейгім келмейді(((
шынында да есейгенде өзіңді көбірек ойлайды екенсің ә
Сен есейіп кеткелі қай заман)) Қартайып барасың ))
Александр, мүмкін)) бірақ соны мойындағың келмейді екен....
+2 дауыс
Есейу- бұл өмірде өзіңді танып білуің жане өзің туралы шешімдерді қабылдай алуың. Сол шешімдерді ортаға салып талқылый білуі. Өзінің алдына қойған мақсаттарға жетуге әрекет жасауы деп білем. Ия адам есеймей қалуы мумкін ондай адамдар жүйке жүйесі науқастық бар адамдар ( психологиялық ауытқу, псих). Негізінен ондай адамдар туылуынан  сондай (генетикалык ауру) әлде бір қатты қорқып қалған (стрест алған) адамдар болып келеді
+3 дауыс
Әр адамды өмір өз уақытында есейтеді.Өзіншіл емес,өзгені түсініп қарайтын,жауапкершілігі бар,басына түскен қиындықтарды ақылмен шеше алатын,жабайы емес,аузына келген сөзді айтпайтын,таннан кешке дейін күлмейтін,көпшіліктің ортасында өзін ұстай алатын,әдепті адамды есейген депайтуға болады.
+2 дауыс
Есею деген балалық шақты сағына бастайтын кез-ау деймін.
+3 дауыс
Болатын адам 2о жасында бас болар, болмайтын адам 4о жасында да жас болар !!!
+1 дауыс
Мен үшін есею деген адамның жасының өсуі.
0 дауыс
Мен үшін де тек жасқа жас қосылу. Жұмыста үлкен адамдар сияқты сезініп жүргеніммен, на самом деле әлі әлі бала сияқтымын іштей ойларым. Сырт көзге есейгеніммен, жақын достарымнын арасында басқашамын) сол әлі подросток)
енді бұрыннан келе жатқан достарыңның арасында болса онда ол қалыпты жайт қой.
0 дауыс
Есею ақыл тоқтату, жауапгершiлiктi сезiну. Адам есеймей өтпейдi.
0 дауыс
Есею дегеніміз адамның ақыл-есінің толысуы, бос нәрседен аулақ болу, әр нәрсеге еліктеп жалпылдамау, арзан ойын-күлкіден қашықта болу, сүйіктім тастап кетті, онсыз өмір сүре алмаймын деп жылау да ессіздік деп ойлаймын, құр мақтаншақтық пен өмірден түңіліп адамдарды жек көру де надандыққа, ессіздікке жатады. Аллах Тағала бәрімізді ондайдан сақтасын!
...