0 дауыс
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы ұлғайған жағдайда тіркеуші органды ескерту міндетті ме?
03.06.2015 584 қаралым

1 жауап

0 дауыс
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220 Заңының 26-бабы 5 тармағына сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік жалпы жиналыс жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталдың ұлғайтылғандығы туралы өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлауға міндетті. Хабарлаған кезге қарай жарғылық капитал ұлғайтылатын соманың кемінде жартысына тең сомада салымдар енгізілуге тиіс. Егер серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарламаса, жарғылық капитал ұлғайтылмаған болып танылады.
03.06.2015

Ұқсас сұрақтар

127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,013Қолданушы