Көлігім қатты зақымданды. Сақтандыру компаниясы өтеу керек?

0 дауыс
584 қаралым
Жол-көлік оқиғасы кезінде менің көлігім қатты зақымданды. ЖКО-на ЖШС жүргізушісі кінәлі. Бірақ олардың ЖШС полисте жазылмағандықтан сақтандыру компаниясы өтемақы төлеуден бас тартты. Яғни көлік құралының иесі ЖШС емес, «Семенов» ЖК болғандықтан, сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы тек «Семенов» ЖК болады. ЖК пен ЖШС арасында жалға беру шарты жасалып, кінәлі жүргізуші көлікті ЖШС-тің жол-сапар парағымен жүргізген. Сақтандыру компаниясы «Семенов» ЖК мен кінәлілер арасында ешқандай жазбаша шарттар жоқ дегенге сілтеме жасап отыр. Енді не істеуге болады? Сот ісі жүріп жатыр. Ал кінәлі жүргізуші де, ЖШС те шығынды сақтандыру компаниясы өтеу керек деп, өз мойындарына алмай отыр.
• Санаты: Автосақтандыру | 584 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Заңына сәйкес сақтандырылушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген көлік құралдарын пайдалануы нәтижесінде жәбірленуші деп танылған адамдардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактіці сақтандыру жағдайы деп танылады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығынды өтеуге ЖШС міндетті болып, ал ЖШС сіз көрсеткен сақтандыру шарты бойынша сақтандырылмағандықтан, орын алған уақиға сақтандыру шарты бойынша сақтандырылатын жағдай деп танылмайды. Сәйкесінше, сіздің жағдайыңыз бойынша сақтандырушы сақтандыру шығындарын өтемейді

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы