0 дауыс
710 көрілді
Жол-көлік оқиғасын тудырған тұлғаның кінәсі қалай бекітіледі, және көлік-құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру кезінде қандай құжатпен дәлелденеді?

1 жауап

0 дауыс
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) сақтандыру төлемі туралы өтінішке зардап шегушіге келген зиян мөлшері мен сақтандыру жағдайының туындау фактісін анықтайтын құжат қоса берілуі тиіс. Заңның 22 бабы 1 тармағына сәйкес сақтандырушы арқылы көлік құралы иесінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартында көрсетілген көлік құралын қолданысқа беру нәтижесінде зардап шегуші болып табылған тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындау фактісі сақтандыру жағдайы болып табылады. Заңның 13 бабы 1 тармағында көлік құралдары иелерінің жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру келісім-шарты Заңға сәйкес зардап шегуші болып табылған барлық тұлғаларға, соның ішінде осы тармақтың 1)- 3) тармақшаларында анықталған жекелеген тұлғалар санатынан басқа, зиян келтіруде кінәлі болып саналатын сақтандырылушы көлігіндегі барлық тұлғаға бірдей жүреді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839 бабы 1 тармағының екінші тарауына сәйкес егер сақтандыру нысаны болып табылатын тұлғаның кесірінен сақтандыру жағдайы туған болса, сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша сақтандыру төлемін жасаудан босатылмайды. Бұған қоса, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру төменде келтірілген бекітілген заңнамалық тәртіп бойынша сақтандырылушының кінәсі дәлелденетін болса, сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыруды қарастырады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚКо) 12 бабы 1 тарауына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлға Кодексте қарастырылған тәртіппен дәлелденіп, істі өз құзыреті аясында қараушы органның (қызметтік тұлға), сот төрешісінің заңдық күшіне енген қаулысымен бекітілмейінше кінәсіз болып табылады. ӘҚКо 604 бабының екінші тарауы, 614 бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қараушы сот төрешімен, оганмен (қызметтік тұлға) тікелей қабылданған, жағдайды куәландыратын, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша дәлелдерге толы құжат (фактілік деректер) әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама болып табылады. ӘҚКо 650 бабы 1 тарауына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарастыра отырып, сот төреші, орган (қызметтік тұлға) құрамына әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы кіретін қаулыларды шығарады. Жоғарыда келтірілген құжатқа байланысты сақтандыру жағдайының туғанын айғақтайтын (азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің туу фактісі) дерек әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарайтын сот төрешісі, органның (қызметтік тұлға) қаулысы, яғни әкімшілік жазаға тарту турады қаулысы болып табылады."
...