+1 дауыс
Менің мектеп бітіргеніме біраз жыл болды. Мектеп кезінде есептен алға озып шықпасам да, амалын түсінсем ептеп бәрін шығаратынмын. ЖОО-дағы мамандығымның математикаға еш қатысы болған жоқ. Бірақ енді сол математика қайта алдымнан шықты, ықтималдықты үйренуім керек болып тұр. Шынымды айтсам қатты қарайып қалыппын математикадан... Қалай, неден бастауға болады?
02.06.2015 1.4k қаралым

4 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
8, 9 сынып алгебра оқулықтарын қайта оқып, есептерін шығарсаңыз көмегі тиер немесе осы 8, 9-дың мысалдары 10 сынып оқулығында қысқаша етіп түсіндіріледі. Білуімше ықтималдылық 10 сынып оқулығының соңғы жағында өткенбіз, яғни бұл толығырақ 9 сыныптың оқулығында бар деген сөз.
02.06.2015
+1 дауыс
6 сыныптан 11сыныпка дейінгі математика, алгебра кітаптарын қарастырыңыз. Немесе шың кітап  оны алмастыра алады. Басқа да нускаулар бар, ол математика репетитор жалданыз, тусинбеген тақырыптарды сұрап билип аласыз.
02.06.2015
0 дауыс
Қатты қызығушылығын болса бәрі пәнді үйренуге болады, мамандығынызга қажет болмаса  + - × ÷ солар да жетеді өмірде, (оларды калкулятордан бастаңыз)
 егер формула керек болса, арнайы формула кiтаптардан бастаңыз !!!
02.06.2015
0 дауыс
Фундамент болса математиканы әлі-ақ үйреніп кетесің))
02.06.2015
127,959Сұрақ
322,889Жауап
153,169Пікір
73,006Қолданушы