+3 дауыс
1.0k көрілді
Күнделікті өмірде көп жаяу жүре бермейміз.Машина қазір екінің бірінде бар,қала берді такси басқада қоғамдық көліктерді пайдаланамыз. Сұрайын дегенім қаншалықты жаяу жүресіз? Жаяу жүруден жеке рекордыңызды жаза отырсаңыз қанша шақырым жүріп өткен

14 жауап

+3 дауыс
Төле би көшесінің бойындағы АТУ-нен ҚазҰУ-не дейін жаяу барғаным есімде. Сайран автобекетінен Maxima орталығына дейін жаяу барғам. Есімде қалғаны ұзақтары осылар екен. Әдетте көбінесе жаяу жүрем. Қоғамдық көлік ұнамайды, өзім көлік айдағым келмейді, таксиге ақшамды қимаймын)
Алматыда оқисыз ба?
Алматыда тұрам) Оқу бітіп қалды)))
+3 дауыс
Күніне кем дегенде 3-4 шақырым жаяу жүремін. Бір күнде 20-25 шақырымдай жүретін кездерім де аз емес) Рекордымды білмеймін, әйтеуір күні бойы Алматыны жаяу аралап шыққан күндерім көп болған)  

Көшеде, жаяу, жалғыз, құлаққаппен әуен тыңдап, алыс-алыс қашықтықтарды басып өту сүйікті ісім.

Қаланың ішінде - күн қатты ыстық болса, жолды жақсы білмесем немесе асығыс болсам ғана таксиге, автобусқа мінемін..
Құлаққап болса қайда болсын бара аламыз ғой)
+1 дауыс
Сейфуллина Гоголядан Розыбакиевадағы мегаға дейін 3:30 сағат жаяу жүргенім бар)) жəне осы сияқты жаяу аралаған кездерім өте көп
+2 дауыс
Алматы қаласы. Момышұлы Маречка көшесінен Саина Шаляпина көшесіне дейін жаяу жүріп көргенмін))) Рекордым осы....  1 сағат жүргенмін.....арасы қаншалықты екенін білмеймін.....
Сайна көшесінде не бар..
+1 дауыс
Жаяу жүрген жақсы ғой. Санамаппын километрлееееп.
+1 дауыс
Жаяу жүрген адамға пайдалы ғой. Әр күні әртүрлі жүрем кем деген 1 километр, ең көп дегенде 10-15 километр болып қалады!
+1 дауыс
Университеттен күнде жаяу келіп жүрмін ғо.
+3 дауыс
Өзім жаяу жүргенді ұнатамын. Оған тағы да бір себеп бар. Яғни осы жасқа дейін велосипед айдап үйренбегенім. Иә қызықпаған соң айдамайды да екенсің. Сол себептен де көп жерлерге жаяу кетеберемін. Анық қанша километр жүргенім есімде жоқ. Бірақ бір ретте мақта терімнен қайтып келе жатқаным да көп жүріп қойғаным есімде))))). Тағы да қазір оқуға қатнағанымда жаяу жүремін.
0 дауыс
Рекордым 20 км болу керек, жаяу жүрейін десем машинаны кім айдайды)
0 дауыс
Жаяу көп жүремін. Такси ақша берсе үйдегілер, ақшаны қалтаға салып жаяу барамын.Мектепке де жаяу барамын.
–1 дауыс
Оны Серік Ибрагимовдан сұрайық. Күніне 2км жайау жүретін шығар
Сұрапкөр сосын бізгеде айт бізде білейік)))
0 дауыс
9 жыл бойы көрші ауылға барып келіп оқыдым, арасы шамамен 2-2,5 км шығар. Қазіргі мектебім одан алыс 10 км ара қашықтықта ,сондықтан автобуспен жүрем.
0 дауыс
рекордым шамамен 15 км болар
0 дауыс
Жігіттер арасында бір ай ( 25.11~ 25.10.2022 ) жаяу жүріс жарысын ұйымдастырып 1 орын алдым, 9 жігітпіз ,бір ай жүрдік, бір айлық жүрісім 721 км болды,ең ұзақ жүрген рекордтарым :
1. Абай ауылынан сағат 9 да шығып,түнгі 11 жарымға дейін жүрдім, 62 км болды,( Абай~Барахолка~Айнабұлақ~Вокзал 1~Аэропорт~Вокзал 2~ Толеби Сейфуллина)

      2. Абай ауылынан таңғы 4 жарымда шығып, түнгі 11:40 қа дейін жүрдім,76 км болды,( Абай ~Президент парк~Алмаарасан~Үлкен Алматы Көлі ~президент парк~ Қалқаман )
...