+1 дауыс
Естуімше, эвтаназияны бірқатар Еуропа елдері заңдастырыпты. "Эвтаназия" грек тілінде "жақсы өлім" деген мағынаны білдіреді екен. Яғни жағдайы ауыр науқастың жаны қиналмас үшін ажалы келмей жатып дәрімен өлтіре салу.  Эвтаназияны науқас балаларға қолдануға Бельгия қатарлы елдер заң жүзінде рұқсат беріп отыр? Медицина адамды құтқармайтын ба еді, қашаннан бері өлтіретін болған? Баланың жаны қиналса да жазылып кетуі үшін дәрігерлер барын салуы керек емес пе? Осындай сұмдық туралы не ойлайсыз? Меніңше моральдық тұрғыдан аса ауыр қылмыс сияқты. Ертең Балаларды қорғау күнінде өзгенің науқас баласына өлтіретін дәрі еккен "абзал" жандар өзінің баласын құттықтаудан ұялмай ма екен? Адам құқығын қорқаймыз деп ұрандайтын Батыс мұндайға неге жол беріп отыр?
31.05.2015 659 қаралым

1 жауап

+2 дауыс
Менің пiкiрiмше қатты жаны қиналып жатқан балдарға колданылса керек, тiрi қалу мүмкіндігі жоқ болып қатты қиналып жатқан адамға қолданылса кешіруге болады деп ойлаймын !!!
31.05.2015
127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,011Қолданушы