Психологиялық кеңес | 549 қаралды
549 қаралды

Әдетте адам сабақта немесе жұмыста іші пысқанда қағазға әлденені шимайлап отырады ғой. Сол шимайлардың да өзіндік мәні бар екен. Егер бейсаналы түрде сіз қол қоя беретін болсаңыз – эгоцентриялық натурасыз. Ондай адамдар өзгелерге қарағанда өзін қатты ойлап, тек өз әуре-сарсаңымен өмір кешеді екен. Егер бір қарапайым портрет – сопақ дене сызып, оған кішкентай сызықтар арқылы аяқ-қол жасайтын болсаңыз, сіз өзіңіздің жан-жағыңызға қорған болар адам іздейсіз дейді. Ал жүрекшелерді сезімге мас адамдар көбірек салады екен. Олар өмірін, қоршаған ортасын шынымен де сүйетін жандар екен. Жұлдыздың суретін әрқашан да елдің алдында, басты назарда болғысы келетінде салса, үйді, терезесін, шатырын салатын адамдар өзінің табысын үнемі реттеп, үйін тазалықта ұстап жүретіндер екен. Ал парақты гүл салып толтыратын адамдар өз өміріне шынымен риза адамдар екен. Толқын немесе шеңбер салса, әлдеқандай ой мазалап жүр деген сөз екен. Ал сандарды тізіп жаза беретіндер материалдық құндылықты жоғары қояды дейді. Сіз осылардың қайсысын жиі саласыз? Әдетте іш пысқанда қолыңызға қалам мен қағаз түссе ненің суретін саласыз, не жазасыз?

11 жауап

Көздің суретін саламын, мен қандай екенмiн

Жақсы Жауап
Ирина Шейктің көзіңе ұқсайды екен.Негізі көздің суретін салатын болсаңыз сіз өзіңіздің махаббатыңызды іздеп жүрсіз деген сөз.Бірақ менде көздің суретін сала берем, сала берем бірақ менің махаббатым жанымда)
Жаннара  көздердің суретін салатын адам қандай екені ?
Ойымдағы армандарымды барынша қағазға түсіруге тырысамын.
Тор қағаз болса сол тордың устінен басып кубиктер салып отырамын. Ал А4 қағазға достарымды кличкаларына (өтірік ат) ұқсатып салып отырамын. Мысалы: Мерей деген баланы біз мышық дейміз. Мышықтың суретін саламында оның басын мерейдің басын саламын.))
Жақсы сұрақ! Мен көбінесе сыр жазамын және өмірімде болған жағдайларды туралап емес жанамалап қанатты сөздер құрастырып, оқығанда ойланатындай етіп жазуға тырысып жүремін,ол өзіме ұнайды сондықтан жиі істейтін ермек сол.
Жануарлардың суретін.
Мен кейде қол қоя берем (подпись), ал кей кезде аты-жөнімді жазамын. Аты-жөнді жаза беру не мағынаны білдіреді?  Өте қызық әрі жақсы сұрақ екен. Рахмет !
Мен коэффициент есептеймін )
Белгісіз
Симметриялы сурет салып отырамын! әсіресе теңіз толқыны мен жаңбыр тамшысының суретін!
Мен жұлдызша салғышпын))))
Жанымдағы болып жатқан нәрселерді бір-екі сөзбен жазуым мүмкін. Анда-санда ғана.
Белгісіз
каблугы бар туфли көп салам
118,379 сұрақ
305,274 жауап
153,296 пікір
67,631 қолданушы