Кітап, Әдебиет | 1.6k қаралды
1.6k қаралды
"Ел ертеңі - бүгіннен басталады" деген тақырыбқа шығарма тауып бере аласыздарма?

2 жауап

Елімнің ертеңіне сенемін

Ел мен жер, өмір мен болашақ туралы ойланбайтын адам бар ма? Мынау жұмыр жерді мекен етіп жүрген әрбір жан бақытты ғұмыр, нұрлы болашақты аң­сай­ды. Ол арманның іске асуы үшін де елі экономикалық табысты бағытта жылжып, бейбіт мақсатпен өмір сүретіндігі ауадай қажет. Қандай ел болмасын, дербес даму жолы, алдына қойған мақсат-міндеті болады. Міне, осы ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған арманы орындалды. Бү­гінде құлашын кеңге жайған бай­тақ елге айналып, болашақты бағдарлап байыптайтын,  өтпелі кезеңде халықпен бір болып, елдің еңсесін көтеруге аянбай ат салысып, тер төккен Елбасы­мыз Н.Назарбаевтың ерен ең­бегін Қа­зақстан тұрғындары жо­ғары бағалайды.

Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жа­ғынан да сын көзімен үңіліп, байыпты талдап, қажетті деген іс-шараларды қабылдап, әр бас­тама халықтың игілігіне қызмет жасауын үнемі бақылауда ұстап келеді. Қазіргі заман талабы мен мүмкіндіктеріне сай, денсаулық, білім, көлік және байланыс, ұлттық қауіпсіздік, ауыл проблемалары, экономика, сонымен қатар, алға жылжуымыздың басты шарты – қоғамымыздың биік мақсаттарға қол жеткізуі үшін халықтың бір­тұтастығы, ауадай қажет. Біз қазіргі таңда ұлы өзгерістер мен жаһандану кезеңінде өмір сү­рудеміз. Елбасымыздың «2030 жылға қарай Қазақстан Орта Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін»,– деген пікірі ту­ған халқының жігерін оятты. Әлбетте, игілікті істің бастауында Елбасымыз жүрді. Егемендік алған жылдар республикадағы ұлттар мен ұлыстардың діні мен тілін жаңғыртты, ұлт мүд­десіне қызмет жасайтын ау­қым­ды істерді өмірге әкелді. Ел­ба­сының байсалдылығы мен ұш­қыр саясатының, көрегендігі мен зерделілігінің арқасында Қа­зақ­стан әлемдік қаржы дағ­да­рысының қыспағының ауыртпа­лығына мойымай, қажырлылық танытты. «Мен өз тағдырымды халқымның тағдырынан бө­лек қарап көрген емеспін»,– де­ген Н.Назарбаевтың жүрек толға­ны­сы сенімімізді нығайтты. 

Еліміздің болашағы – жастар. Сол келешек ұрпақтың дені сау, жаны таза, білімі терең, мә­де­ниеті жоғары азамат болуы қоғам алдындағы басты міндет екенін Елбасымыз жақында өткен Жас­тар съезінде айқындап берді. 
Мен осындай ұлы көштің бастаушысы, елінің ертеңі мен халқының келешегін жеке ба­сы­ның тағдырынан жоғары қоя­тын үлкен жүректі азамат Н.Назарбаевтың ел мүддесін, мемлекет абыройын, халық қа­мын ойлап, қоғам игілігі үшін білек сыбана кірісетін еңбек­қор­лығына, адамгершілігіне риза­шылығымды білдіремін. Еліміздің бүгінгі амандығы, әлеуметтік жағ­дайының дұрыстығы, еш алаңсыз бейбіт аспан астында ғұмыр кешуі – Елбасының сұң­ғыла нәтижесі. Олай болса, Тәуелсіздік жылдарында, Елба­сы­мен қатар жүріп келе жатқан, жарқын болашаққа апаратын сара жолымыз мәңгілік жалғаса  берсін. 

Нұрбақыт Қабдікәрімова,

Социалистік Еңбек Ері. Мартбек Мамыраев аулы, Қарқаралы ауданы.

Отан- әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан –белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті — Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып — жасарып жатыр.

Қазіргі кездегі Қазақстан  Отан деген не? «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені. Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ , қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт өкілдерінен 15 млн халық тұрады.Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба ,Туы және Әнұраны бар.(Әбдірахман)

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

Қазақстан халқының сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті.Қазақстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды.Бірақ  тәуелсіздік оп-оңай келген жоқ.Өткен тарихымызға көз жіберсек ,тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп,азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің  қасіретіне ұшырады.Одан кейін аштықтан қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын «халық жауы», «ұлтшыл»,деген жаламен  атқанын атып,қалғанын ит жеккенде азаптап өлтірді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,жерімізді қорғаған ер азаматтардан айырылдық. Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз қаншама? Жері полигонға толды, топырағы тозды.Еліміз киелі Аралынан айрылды.Өз еліне қазақ жат болып,азшылыққа айналды.. Міне осындай сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді.Ол Кеңес империясының уысында қалған халықты орыстандыруға,полигондарға қарсы туған нарызылықтан болатын.(Әсем)                                                

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауы

Қазіргі таңда ел басшымыз жылма –жыл елдің өркендеп дамуы үшін жолдау жолдап келеді.Биылғы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіз бен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек!

118,385 сұрақ
305,283 жауап
153,297 пікір
67,643 қолданушы