Кейбір жігіттер / қыздар болады ғой, айналасындағы қыздардың/жігіттердің барлығына бірдей жақсы қабақ танытып, сезімін білдірсе не жоқ демейді, не қабылдамайды, былайша айтқанда "не өзі алмайды, не біреуге бермейді". Сөйтіп бәрінің тек өзін армандап жүргенін қалайды. Мұндайды ағылшынша "keep someone on the hook", орысша "держать на крючке" деп атайды екен. Сонда ұсталған "балықтарды" не суға жібермей, не қармақтан босатпай ұстап отырудың не пайдасы бар? Сондай қыз / жігіттердің осындай қылығын түсіне алмай қойдым. Кейбір құрбыларым өзі жақсы көрмейтін жігіттерге бос үміт беріп жүре береді. Өзі жақсы көрмейді, бірақ хабарласпаса ренжиді. Осыдан келетін пайда бар ма? Көптеген қыз / жігіттер осындай қылыққа неге барады? Әлде ондай адамдар әрдайым басқалардың көңіл бөлуіне мұқтаж ба?