Биология | 804 қаралды
804 қаралды
Қой мен ешкінің айырмасы қайсысы шөп таңдамай жейді?

4 жауап

Өз тəжірибием бойынша айтып өтейін.Қойға қарағанда ешкінің терісі жұқа содан болар ешкі суыққа,ыстыққада төзімсіздеу.Қойда жүн,ешкіде қыл.Қыл қой жүніне қарағанда бағалы.Таулы жерді қайдам жазық жерде ешкі қой секілді тұрақтап жайылмайды шөп басын шалып тоқтаусыз жүре береді.Ешкі сүті қойдікіне қарағанда жеңіл.Асқазан ауруларына жақсы ем.Ешкі майды ішіне жинайды.Майы тез қатады.Сондықтан ешкі етін асып(пісіріп) жатса көп күттірмей дастархан басына тезірек отыруға тырысыңыз)))
Жақсы Жауап
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тау-тасқа секіріп, қойдың алдында жүріп шөптің басын шалып, таңдап жейтін ешкі барлығы 500 түрден аса шөпті пайдала­натыны анықталған.
Қойға шөпті қанша берсеңде жей береді тойғанын білмейді)
Қой жуас,ал ешкі ширақ тас-тастан секіріп шөпті талғап жейді.Сондықтан болар оның қылы бағалы.
118,122 сұрақ
304,621 жауап
153,303 пікір
66,748 қолданушы