+1 дауыс
1.7k көрілді

Музыка қалай пайда болған?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша музыка дүние жаралғалы бар, мысалы, музыка ұғымымен ойлап қарағанда желдің соғуы, судың ағысы, жапырақтың сыбдыры барлығы да музыка ғой... (ал, музыка деген терминнің тарихын сұрап отырсаңыз, ол көне грек тілінде б.эб 3-4 мыңжылдықтарда пайда болған)
Осы ойыңызды "Август Раш" фильмінде тура сіз сияқты айтып кетіп еді.
Рахмет, қарап шықтым, тамаша фильм екен ұнады
Керемет!Сөзімді жерге тастамағаныңызға,көп рахмет!
0 дауыс
Музыкалық өнердiң қалыптасуы

Егер қазіргі ғылым саналы адам қауымы осыдан 160 000 жыл бұрын Африкада қалыптасып, сосын осыдан 50 000 жыл бұрын басқа да тіршілікке ықпал құрлықтарға тараған деп санаса, музыканың да бір қарапайым түрлері да сол алғашқы қауымда адаммен бірге пайда болған деп есептейді

Қазіргі ғылым археологиялық және этнографиялық деректерге сүйене отырып, Музыканы алғашқы қауым қоғамының кезінде-ақ өнердің би, поэзия т.б. түрлерінің ұрықтарын бойына жасырған синкретизмдік комплекстің «құрсағында» ұзақ уақыт «өсіп-жетілу» процессінен өтті деп санайды. Өнердің арғы атасы саналатын мұндай синкретизмдік комплекстер көпшілікке қажетті салт-жора ретінде, сонымен қатар бірігіп еңбек ету процесінде адамдардың рухани санасын тәбиелеу әрі қатынас құралы мақсатын атқарған. Мол диапазонды қамтып, бірінен соң бірі жалғаса беретін белгісіз биіктіктегі дыбыстардың әуел бастағы тәртіпке келтірілмеген тізбегі (құс әніне, аңдардың дыбысына еліктеу) кейін логикалық мәні жағынан тұрақты және жанама (тұрақсыз) биіктік бөлшектерге дараланған бірнеше тондардан ғана құралатын әуен саздармен алмасты. Мелодиялық-ритмдік формулалардың сан рет қайталануы мен оның қоғамдық тәжірибеде мықтап орын алуы бірте-бірте дыбыстарды логикалық жағынан қалыптастырып, ұйымдастыру мүмкіндігін ұғынуға жағдай жасады. Сөйтіп, музыкалық дыбыс жүйесінде өлшем мен ладтың ең қарапайым түрлері туды. Тарихқа дейінгі немесе қарапайым музыка деп ауызша музыка есептеледі. Оның мысалы - аустралиялық немесе америкалық аборигендердің бір-біріне ауызба-ауыз айтылатын музыкасы. Бұл кезен музыкалық шығармалардың жазба түрінде сақталуының шығуымен аяқталады. Ең алғашқы сына жазулы музыкалық мәтін Ниппурдың археологиялық қазбаларында табылған, оның жасы 4 мың жыл деп болжамданады.

Ғалымдардың ең алғашқы тіркеген музыкалық аспап - сырнай. Сырнайдың бір данасы б.з.б. 35-40 мыңжылдық деп болжамдалған көне мүсіндердің қасында табылған.

Ежелгі Мысыр музыкасы

Пирамидалардың қабырғаларындағы иероглифтердің арасында, ежелгі папирустарда, «Өлгендердің кітабы» және «Пирамида мәтіндері» атты жиынтықтарды діни ұрандардың жазбалары табылған.

Ежелгі Грекия музыкасы

Ежелгі әлемнің музыкасының даму шыңы Ежелгі Грекияның мәдениетінде байқалады. Негізі «музыка» терминнің өзі де ежелоі грек мифологиясындағы тоғыз құдай әйелдерді белгілеп, «музалар өнері» деген грек сөздерінен шыққан. Осы Греекияда алғашқы рет дыбыстардың математикалық өлшемдермен салыстырмалығы Пифагормен ашылған.
Сонда музыка ең алғаш "Африкада" пайда болған ба???

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...