+3 дауыс

Ақша туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

28.05.2015 14.8k қаралым

6 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ақша адамды бұзбайды, керісінше ол адамның шынайы бейнесін көрсетеді.

Ақшаға дәреже сатып алуға болады, бірақ құрмет сатып ала алмайсың

Ақша - бұл мақсат емес. Ақша - бұл мақсатқа жетудегі құрал.

Бірінші ақшаны білімге, сосын білімді ақшаға. Бұл кез-келген дамудың үлгісі

Ақша бақыт әкелмесе де, қаржылай бостандық әкеледі

Ақша — қолдың кірі

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Ақшада көз жоқ.
28.05.2015
"Ақша — қолдың кірі"  менің қолым кір кір делік сонда ол ақша ма?
Менің қолым кір-кір деген сонда ауыспалы мағынада ақша ұстап тұрм дегенді білдіреді ме , азазаза)
+2 дауыс

"Ақша бәрін істей алады" деп ойлайтын адамдар ақша үшін бәрін істей алады. (Мақал білмейді екем)

28.05.2015
Сонда бұл не? Біреудің қанатты сөзі ме?
Иә) Афоризм...
Авторын айтуға болмайды ма? image
+2 дауыс
Ақша - адамды әрекетке келтіретiн машина !!!
28.05.2015
Рахмет!Өзіңіз құрастырдыңыз ба?
+2 дауыс
Ақша бұл тиын және қағаз ақша.
28.05.2015
жақсы жауап
+3 дауыс
Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар.
 Жылқы құлынынан өнеді, ақша тиыннан өнеді деген мақалдар есіме түсіп отыр.
28.05.2015
0 дауыс
Ақшаның көзі қызыл
04.06.2016
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы